Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Локомотив пайдалану депосының машинистері «электронды» бағдармен жүреді
1695 / 25.01.2018 19:18

Локомотив пайдалану депосының машинистері «электронды» бағдармен жүреді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның барлық локомотив пайдалану деполарында машинистердің «электронды» бағдары өндіріске енгізілді. 

Бұл өз кезегінде тасымалдау үдерісінің тиімділігін көтерді. «Электронды» бағдар локомотив бригадаларының жұмысын бақылау мен тіркеудің басты құжаты. Жедел мәліметтерді анықтау мен жедел шешімдер қабылдауда адамның қатысуын барынша азайтады.

Оның сыртында, қағазсыз технология пойыз тартымындағы жылу- қуаты отындарын барынша үнемді жұмсау мақсатында шығынды да азайта түседі.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі «Энергодиспетчерлік тартым» (АСУ ЭДТ) құрылғысымен басқарылады. Бұл машинистердің локомотив басқаруын «электронды» бағдарлармен автоматтандырылған режімде қамтамасыз етеді»,-дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жылу-қуаты ресурстары департаментінің директоры Егор Лесных.

Оның айтуынша, бұл жүйені тәжірибеден өткізу және өндіріске енгізуге үш жыл жұмсалды. Өткен жылдың өзінде миллионнан астам «электронды» бағдар жасақталды.

Әрбір локомотивтің кабинасында жоғары дәлдікті бақылау-өлшеу құралы қойылған. Сапарға шығар алдында локомотив бригадасына флеш-карта беріледі. Ол машинисті локомотивке бекітіп, оның бағдар бойында қаншалықты жүрген, тұрғандығы туралы ақпараттарды АСУ ЭДТ арқылы жинақтайды.

Е. Лесныхтың түсіндіруінше, мұндай өндіріске енгізілген жаңашылдық жүйесі машинистің бұрынғыдай сапардан келгеннен кейінгі жүрген, тұрғандығы, басқа да мәліметтер бойынша арнайы құжат толтырып, әуреленуін болдырмайды. Ендігі жерде АСУ ЭДТ жүйесімен нарядтаушы немесе кезекші «электронды» бағдарды өзі толтырады. Яғни машинистің жұмысқа келгендігі, медициналық тексеруден өткені, нұсқамалық талабын орындауы сияқты барлық жайлар тіркеледі. Сапар барысында ақпараттық жүйе мәліметтері автоматты түрде толықтырылып отырады.
Поделиться:
Популярные новости
183 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

322 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

262 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер