Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
450-ден астам теміржол станциясы электронды тасымалдау құжатымен қамтылған
1913 / 19.01.2018 11:16

450-ден астам теміржол станциясы электронды тасымалдау құжатымен қамтылған

450-ден астам теміржол станциясында тасымалдаудың ілеспе құжаттары автоматтандырылған ресімдеу жүйесімен қамтылған. Бұл жүк операцияларын жүргізетін станциялардың түгелдей қамтылғанын көрсетеді. Келісім және коммерциялық жұмыстардың автоматтандырылған жүйесі (АСУ ДКР) бойынша «ҚТЖ –Жүк тасымалы» АҚ-ның бес мыңнан астам мамандары 20 мыңға жуық жүк жөнелтушілерге қызмет көрсетеді.

«Тапсырыс берушінің ойынан шығу ұлттық жүк тасымалдаушының басым бағыттарының бірінен саналады. Біз жүк жөнелтушілерге барынша сапалы қызмет көрсетуге тырысамыз. Бұл жүйе өндірістік үдерістердің жедел, ашық және тиімді атқарылуын қамтамасыз етеді»,-дейді «ҚТЖ- Жүк тасымалы» АҚ Ақпараттық жүйе жөніндегі департаментінің директоры Ирина Савушина.

И. Савушинаның айтуынша, автоматтандырылған жүйе өндірістік үдеріске адамның қатысуын азайту арқылы сыбайлас жемқорлықты төмендетеді. Қазірдің өзінде электронды ілеспе жүк қағазы, вагон парағы, вагонның төлқұжаттағы мәліметін тексеру, ақы төлеушінің коды, жүк мекен жайына жіберу тапсырысы жасалады.

Қағазсыз технологиямен электрондық хабарландырулар арқылы ірі тапсырыс берушілердің тапсырысының тіркелімі жасалып, вагонды тазалау жұмыстары жүргізіле бастайды. Сонымен қатар тасымалдау құжаттарын электронды ресімдеу АСУ ДКР халықаралық түйісу нүктелерінде де жүзеге асырылуда. Жаңа жүйенің басымдығын жүк жөнелтушілер де жоғары бағалап отыр. Тапсырыс иелерінің айтуынша, АСУ ДКР автоматтандырылған жүйесі оларға үйден шықпай- ақ Интернет арқылы жүк тасымалдау қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.

«Биылғы Жолдауда цифрлық технологияны ауқымды түрде өндіріске енгізуді қамтамасыз ету туралы айтылды. Ендеше, «ҚТЖ» ҰК» АҚ өндіріске енгізген «Цифрлық темір жолы» бағдарламасын жүзеге асыруы басқаларға үлгі болып табылады»,- дейді И. Савушкина.
Поделиться:
Популярные новости
22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

7 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер