Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
СҚО-дағы Жаңаесіл станциясында жүк жөнелтушілерге қызмет көрсету орталығы ашылды
2013 / 18.01.2018 13:43

СҚО-дағы Жаңаесіл станциясында жүк жөнелтушілерге қызмет көрсету орталығы ашылды

Жаңаесіл станциясында ашылған теміржолшыларға қызмет көрсету орталығы Көкшетау, Қостанай, Қорған бағыттарына аудан ғана емес, облыс өнімдерін қамтып, халықаралық бағдарларға да жүк жөнелте алады.

Бүгінгі таңда бұл еліміздегі аудандық деңгейдегі тұңғыш орталық болып саналады. Мұны «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалы Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі» басшылығы, «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасы, Солтүстік Қазақстан облысы ветеринарлық бақылау комитеті бастамашылығымен теміржол саласының тапсырыс берушілеріне арналған қызмет көрсету орталығы етіп ашты.

Жаңаесіл станциясы бастығының логистика жөніндегі орынбасары А. Петровтың айтуынша, «Орталық жүк жөнелтушілердің құжаттарды ресімдеу уақытын қысқартады. Келісім шартты мерзімінде орындауға ықпал етеді. Теміржолда вагондардың жүк тиеу, түсіру операцияларын күтіп қалуын азайтады».

Орталық қызметіне жүк жөнелтуші компаниялар ризашылықтарын білдіруде.

«Бұрын жүк жөнелтугие тиісті құжаттарды алу үшін облыс орталығын қатынайтынбыз. Қазір енді осы жерден жүк алып жүру ілеспе құжаттарын оңай ресімдейміз»,-дейді «Гленкор Агрикалчер Казахстан» ЖШС өкілі Г. Ахметов.

Орталықта тауардың қайдан шыққаны, сертификаты, өнімнің зертханалық сараптау қорытындысын алуға болады. Оның сыртында орталықта ветеринарлық, фитосанитарлық қызмет түрлері бірыңғай режімде демалыссыз және мерекелік күндері де тоқтаусыз қызмет көрсетеді. Станция 14 астық өнімдері кәсіпорындары мен «Маслодел» ЖШС май зауытына қызмет көрсетеді.
Поделиться:
Популярные новости
2 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

25 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер