Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1804 / 05.12.2017 11:26

Теміржолшылар бір күндік жалақыларын Маңғыстау облысында апаттан зардап шеккендерге бөледі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ орталық аппараты басшылық құрамы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ құрылымдық бөлімшелері, Магистральдық желі дирекциясы еңбеккерлері бір күндік жалақыларын Маңғыстау облысындағы Өзен-Болашақ теміржол өткелінде көлік апатынан зардап шеккендерге аударды.

Аталмыш қаржы қаржы зардап шеккендердің дәрі-дәрмегіне және емделуіне жұмсауда. Емдеу орындарына дәрі-дәрмекті Маңғыстау жол бөлімшесінің еңбеккерлері жеткізіп жатыр.

«Теміржолшылар әріптестері қиындыққа тап болғанда қол ұшын беруден тыс қалған жоқ. Апаттан зардап шеккендерге тиісті көмектер берілді. Ендігі жерде біз олардың білікті дәрігер мамандарға қаралуына, тезірек жазылып кетуіне жәрдемдесудеміз»,-дейді «Қазкөліккәсіп» ҚБ басшысы О. Ахметбаев.

Бұған дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 20 миллион теңгені трагедиялық оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына аударған болатын.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Популярные новости
152 / 20.01.2025

“Kazlogistics Cup” футзалынан III турнир: Қазақстан темір жолының 120 жылдығы спорттық жетістіктермен аталып өтті

2025 жылғы 18-19 қаңтар күндері Қазақстанда көлік-логистика және инфрақұрылымдық компаниялар арасында футзалдан III “Kazlogistics Cup”...

322 / 15.01.2025

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жаңа қызметкерлер үшін Welcome-тренинг өткізді

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған Welcome-тренинг сәтті өтті. Бұл тренинг жаңа қызметкерлердің ұжымғ...

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер