Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1986 / 04.12.2017 00:00

Инфрақұрылымдық шектеулерді азайту – жүк тасымалын арттыру кепілі

Шымкентте «ҚТЖ» Жүк тасымалы» АҚ, «KTZ Express» АҚ, ҚР «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен астық және ұн тасымалдауды қамтамасыз етуге байланысты жұмыс кеңесі өткізілді.

Кеңесте «ҚТЖ- Жүк тасымалы» АҚ басшысы О. Кулаков сөз сөйледі. Оның айтуынша, жыл басынан бері «ҚТЖ» ҰК» АҚ 7,7 миллион тонна астық тиеді. Оның ішінде республикаішілік бағдарда – 2,7 миллион тонна, экспорттық бағдарда – 4,9 миллион тонна жіберілді. Биылғы он бір айда Компания 2,6 миллион тонна ұн тиеген. Оның 600 мың тоннасы республикаішілік бағдарға жіберілсе, экспортқа -2 миллион тоннасы шығарылды.

Биылғы он бір айда «ҚТЖ-Жүк тасымалы» Шымкент жол бөлімшесі бойынша 644,8 мың тонна ұн тиелді. Бұл жалпы республикалық көлемнің 27 пайызын құрайды.

Кеңеске қатысушылар астық пен ұн тасымалдаудың өзекті жайларына назар аударды.

Қазіргі таңда астық тасымалына қатысушылардың жұмысында үйлесімділік болмай отыр.

Ол өзекті мәселені шешу үшін астық тасымалына қатысушылардың қызметін үйлестірушілер - жүк жөнелтушілер, жүк қабылдаушылар, экспедиторлар, терминалдармен алдын ала келіспегендіктен вагондардың бос тұрып қалуы, бірқалыпты жоспарлау, элеваторлардың тарифы реттелмегендігі кедергі болып отыр.

О. Кулаковтың айтуынша, бұл барлық өзекті мәселелер тасымалдау үдерісіне қатысушылардың бірлесіп әрекет етсе, оңай шешілетін түрі бар.

«Тасымалдау үдерісіндегі басталуы мен соңғы нүктесінде инфрақұрылымдық шектеулерді азайту жүк тиеу қарқынын арттырады. Вагон айналымын қысқартады. Кәсіпкерлер мен тасымалдаушылардың жұмыс тиімділігін көтереді»,-деп атап өтті О. Кулаков.

«KTZ Express» АҚ вице-президенті Е. Қойшыбаевтың айтуынша, тасымал үдерісіне қатысушылардың жоспарлау мен нақты құқықтық қатынастары тасымал үдерісін жыл бойы тоқталыссыз және жылжымалы құрамды бір қалыпты пайдалануды ұйымдастыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ, кеңесте астықты контейнермен тасымалдаудың мәселесі талқыланды. Экспорттық тасымалдағы инфрақұрылымдық шектеулерді алып тастаудың мүмкіндіктері қарастырылды.

Атап өтерлігі, қазіргі таңда Қазақстан астығын дәстүрлі тұтынушылар Орта Азия (57%), Иран (14%), Ресей арқылы (15%), Қытай (7%), Ауғанстан (5%).

Биылғы жылы егін сапасының жоғары болуы экспортқа астық шығару көлемінің өсуіне ықпал етті.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
7 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

27 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер