Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1472 / 23.11.2017 16:24

Пекинге қазақстандық астықты жеткізу мерзімі төрт есеге қысқарды

Ақмола темір жолының Атбасар станциясынан астық тиеген пойыз Пекинге тікелей жол тартты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 53 жабық вагонынан тұратын салмағы 4,5 мың тонналық жылжымалы құрам белгілі бекетке дейін жолаушылар тасымалы секілді сұрыптау стансаларына соқпай, арнайы бекітілген кестемен жүреді.

«Пойыз жолда бір жарым тәулік жүреді. 36 сағаттан соң Достық станциясына тоқтайды. Пойыз басқа жүк пойыздарына қарағанда төрт есе жылдамдықпен тәулігіне 800 шақырымды алады»,- дейді Атбасар станциясының бастығы Серік Қайниденов.

С. Қайниденовтің айтуынша, «ҚХР кеден қызметі карантиндік талабы бойынша астық қапшықталуы тиіс. Жеткізу мерзімі шамамен төрт есеге қысқарады. Ол арқылы вагон және жүк айналымы артып, жүк тасымалының сапасы көтеріледі. Жүктің сақталуына кепілдік беріледі».

Жүк жөнелтушілердің атап өткеніндей, аталмыш қызмет түрінің басымдығы жоғары.

«Беркат-Экспорт» ЖШС осы қызмет түрін пайдаланып, Пекинге 20 вагон астық жіберді. Бұл компанияның құрылтайшысы Ахмет Огаев аталмыш бағдардың ең тиімді тұсы пойыз бағдарының жедел ұйымдастырылуы екендігін айтады.

«Бұрын Қытайға пойыздар біздің жүктерімізді бір аптада жеткізетін. Қазір енді бұған екі ақ күн жұмсалады. Біз енді аптасына екі рет астық тиейміз. Оның сыртында пойыздың қайда жүргендігін он-лайн режімінде бақылай аламыз. Бұл біз секілді жүк жіберушілер ғана емес, теміржолшылардың өздеріне де өте ыңғайлы және табысты жоба болып табылады»,-дейді А. Огаев.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жүйелі оператор ретінде негізгі қызметі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің жүктерін тоқталыссыз тасымалдау болып табылады. Осыған байланысты ҚХР теміржолшыларымен бірлесіп ұйымдастырған тікелей бағдар осы.

Биылғы жыл басынан бері Ұлттық оператор 7 миллион тонна астықты тұтынушыларға жеткізді. Оның ішінде 4,6 миллион тоннасы экспортқа шығарылды. Қытайға 320 мың тонна бидай жіберілді.

Атап өтерлігі, қазіргі таңда ҚТЖ-да астық тасымалдаудың жаңа технологиясы енгізілуде. Қазан айында Құрық- Алят- Ахалкалаки- Карс- Мерсин бағдарында жаңа астық тасымалдайтын контейнерлік пойыздың қанатқақты жобасы іске қосылды.

Қараша айынан бастап бекітілген кесте бойынша 74 шаттл астық пойызы жіберілді. Оның ішінде Қостанай –Галаба (ИИР) -18, Қостанай-Орта Азия -13, Қостанай-Ақтау порты -25 бағдары ұйымдастырылды. Сонымен қатар Қостанай - РФ Жаңа порт, Қостанай – Жаңаресей бағдарларына «шаттл» пойыздары ұйымдастырылды.

Бекітілген кестелер бойынша жүк тасымалдауды ұйымдастыру және технологиялық үдерістері жіберілетін уақыты мен жету мерзіміне байланған.

Поделиться:
Популярные новости
167 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

299 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

195 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер