Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1522 / 01.11.2017 19:33

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік шекарасындағы қазақстандық өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жабдықтандыру» мемлекеттік-жеке серіктестік жобасы бойынша мүдделерін білдіру сұранысы

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитетімен (бұдан әрі – Комитет) бірлесіп «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік шекарасындағы қазақстандық өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жабдықтандыру» мемлекеттік-жеке серіктестік жобасын (бұдан әрі – МЖӘ) жобасын іске асыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Жоба шеңберінде кедендік шекарадағы қазіргі қазақстандық өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жабдықтандыру жоспарлануда. Осы жобаның мақсаты қазақстандық өткізу пункттерін заманауи талаптарға сәйкес жайластыру және жарақтандыру болып табылады, ол:

- өткізу пункттерінің өткізу қабілетін, қызмет көрсететін көлік құралдары мен тауар айналымын арттыруға;

- бақылау, байланыс, деректерді беру және алмасудың заманауи технологияларын енгізу;

- өткізу пункттерін жеке тұлғаларды, багажды, тауарларды және көлік құралдарын бақылауды жүзеге асыруға арналған жаңа жабдықтармен жарақтандыруға мүмкіндік береді.

МЖӘ жобаларын жоспарлауға және жоспарлау процесінің айқындылығын арттыруға кәсіпкерлік субъектілерді тарту мақсатында, Комитет нақты «мүддені білдіру сұраныстарын» жасады.

Мүдделілік туындаған жағдайда келесі ақпараттар берілсін:

1) компания туралы мәлімет (атауы, құрылған күні, меншік нысаны, қызметінің негізгі түрі, жұмыс тәжірибесі);

2) сізді қызықтырған объектілердің атауы (қоса берілетін тізімнен);

3) жобалық топқа (компанияның атынан бір тұлға ғана) қосылатын үміткерлер, олардың тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.

Жобалық топ туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 
2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Ереженің 
9-тармағына сәйкес, Комитетпен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, тәуелсіз сарапшыларды, жобалау, инжинирингілік және басқа да компаниялардың, мүдделі және уәкілетті мемлекеттік органдардың мамандарын, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін, кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ консультанттар тарта отырып ведомствоаралық жобалау тобын құру жоспарлануда.

Жобалық топты құрудың мақсаты МЖӘ жобасын іске асырудың әртүрлі мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Жобалық топтың ұсыныстары жобалық құжаттаманы әзірлеу кезінде (МЖӘ жобалық тұжырымдамасы, конкурстық құжаттаман, МЖӘ шарттарының жобалары және т.б.) ескерілетін болады.

Ұсыныстар 2017 жылғы 15 қарашаға дейін (қоса алғанда) мына мекенжай бойынша қабылданады:

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті» ММ, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 каб. _______, ақпаратты sa.kazbekova@kgd.gov.kz электрондық поштасы бойынша қайталай отырып жіберу (сканерленген түрде).

МЖӘ жобасының сипаттамасы

Жекешелік әріптестердің басқаруына ұзақ мерзімді пайдалануы 
(10-20 жыл) қамтамасыз етілген технологиялық кедендік жабдықты қайта жаңарту және жабдықтандырумен, қолданыстағы 10 автомобиль жолдарын және бір теміржол өткізу пунктін беру жоспарланып отыр.

Орналасқан орны:

1. «Майқапшағай» өткізу пункті (елді мекен: Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Майқапшағай кенті).

2. «Бақты» өткізу пункті (елді мекен: Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Бақты ауылы).

3. «Қазығұрт» өткізу пункті (елді мекен: Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Жемісті ауылы,).

4. «Қапланбек» өткізу пункті (елді мекен: Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы).

5. «Жібек жолы» өткізу пункті (елді мекен: Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Жібек жолы кенті).

6. «Атамекен» өткізу пункті (елді мекен: Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Жамбыл ауылы).

7. «Алакөл» өткізу пункті (елді мекен: Алматы облысы, Алакөл ауданы, Алакөл ауылы).

8. «Қалжат» өткізу пункті (елді мекен: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Тажен кенті).

9. «Тәжен» өткізу пункті (елді мекен: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Тәжен ауданы).

10. «Темір-Баба» өткізу пункті (елді мекен: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Темір баба жергілікті жері).

11. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы.

Мақсаттары

Жаңа технологиялар мен жабдықтарды пайдалана отырып шекараның периметрі бойынша өткізу пункттерін жаңғырту тауарлар мен көлік құралдарын бақылау үдерістерін жеделдету және шекарадан өту уақытын біршама қысқартады, ол өз кезегінде шекаралық өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру Қазақстан Республикасының тауар айналымын және транзиттік әлеуетін арттыру – МЖӘ қатысушылары (көліктің әрбір түрі үшін жолдардың жеткілікті жолағының болуы, басқару операцияларын автоматтандыру және өткізу пункттерінен өтуді жылдамдату, банктер, жайластырылған тұрақ орындары, медициналық және тамақтандыру қызметтері) үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді, тасымалдаушылардың тауарларды барынша тиімді бағдар бойынша тасымалдауы үшін өткізу пункттерін таңдауға оңтайлы әсер етеді.

Ағымдағы мәртебесі

Қолданыстағы автомобиль өткізу пункттерінің инфрақұрылымы негізінен кедендік транзиттің рәсіміне сәйкес кедендік ресімдеуге бағытталған және кедендік тазалаумен қоса жүретін, толыққанды кедендік бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді, өйткені өткізу пункттерінде, әдетте, қойма орынжайлары, тиеу-түсіру техникасы және басқалары жоқ. Қазіргі уақытта шекара маңы пункттеріндегі қалыптасқан жағдай кезінде жүк ағынын өңдеу үшін логистикалық қызметтер кешенін және қосалқы қызметтерді ұсыну мүмкін емес.

Қазіргі уақытта жобаның құны, инвестицияның көлемі, өткізу пункттерін басқару және пайдалануға қойылатын техникалық-пайдалану талаптары, пайдалану мерзімін, күтіп ұстау және басқарудың жылдық қаржыландыру көлемі, жобаның коммерциялық құрастырушылары анықталатын МЖӘ жобасының тұжырымдамасын әзірлеу үшін деректерді жинау жүзеге асырылуда.

Жеке серіктестерді анықтау, объектілерді лоттарға бөлу мүмкіндігімен конкурс өткізу арқылы жүзеге асырылатыны болжануда (лоттардың саны МЖӘ жобасының тұжырымдамасында және конкурстық құжаттамада анықталады).

Инвестициялар

Комитеттің алдын ала бағалауы бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 120,8 млрд. теңгені құрайды.

Болжанған қуат

Кедендік бақылау-өткізу пункттерінің өткізу қабілеті:

- жылына 500 мың автокөлік құралдары;

- жолаушылар ағыны - тәулігіне 1000 адам.

Жобаны іске асыру мерзімі

Жаңғырту және жабдықтандыру - 2 жыл

Пайдалану және басқару - 10-20 жыл

Поделиться:
Популярные новости
115 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

128 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

21 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер