Қызылорда теміржолшылары жаңа жүктерді тасымалдауды игерді
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнына...
ҚР Денсаулық министрінің №379 бұйрығымен еңбек келісімін жасау кезінде ауыр және аса қауіпті салалардың қатарына машинистер туралы да өзгерістер мен толықтырулар енгізілген еді. Өзгерістер мен толықтырулар «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив бригадалары еңбеккерлері мен салалық кәсіподақ корпоративтік омбудсменмен бірлесіп жасалды.
Ендігі жерде, осы өзгерістерге байланысты локомотив басқаруға 1 дәрежелі гипертониясы бар машинистер тиімді емделуден өткен соң жіберіледі. Ал, 2-3-ші дәрежелі артериялық гипертониясы бар еңбеккерлер жылжымалы құрамды жүргізуге жіберілмейді. Дегенмен, гипертониясы бар науқас жандарды жалғыз емес, қасында көмекшісі болса, жүрдек жолаушылар пойыздарын басқаруға жіберуге болады.
«Бұл бұйрықты қайта қарау мәселесі көптен бері туындаған болатын. Машинистер 35-40 жасында нағыз тәжірибе жинаған кезінде, денсаулығына байланысты локомотив жүргізуге жіберілмей қалады. ҚР Денсаулық министрінің бұйрығына байланысты көптеген машинистер қызметінен айрылды. Ендігі жерде олардың қатары азаяды»,-дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ атқарушы директоры Әйтім Құрақбаев.
Дәрігерлік сарапшылар комиссиясының төрайымы, өндірістік дәрігер Күлән Ережепованың айтуынша, «артериялық гипертониясы бар машинистер өздерінің кәсіби міндеттерін базалық терапиядан өтіп, дәрігердің тұрақты қарауында болса, атқара алады.Қазіргі медицинада 1 -дәрежелі гипертониясы бар науқастар қозғалыс қауіпсіздігін сақтап, көлік жүргізе алатындығы белгілі».
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ өңірлірдегі филиалдарының барлығында ҚР Денсаулық министрінің бұйрығына қатысты машинистерді пойыз қозғалысына қатыстыру туралы өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты түсіндірілуде.
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнынан алынған темір кенінің жаңа түрін тасымалдау басталды. Соңғы екі ...
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-де теміржол саласының Әйелдер кеңесінің бірінші отырысы өтті. Кеңес тәжірибе алмасу, қолдау және компания қызметкер...
Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында ҚТЖ желісіне 236 млн тоннадан астам жүк тиелді. Ел ішінде 154 миллион тоннадан астам жүк тасымалданды,...