Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Ригада ТМД теміржол әкімшіліктері Кеңесі 9 ай қорытындысын шығарды
1612 / 20.10.2017 20:21

Ригада ТМД теміржол әкімшіліктері Кеңесі 9 ай қорытындысын шығарды

19-20 қазанда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Санжар Елубаев бастаған делегация Ригада Достастыққа қатысушы елдердің теміржол әкімшіліктері Кеңесінің 67 отырысына қатысты.

Кеңес отырысына Азербайжан, Армения, Беларуссия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Өзбекстан теміржол әкімшіліктерінің басшылары, Кеңестің қауымдастықтағы тұрақты емес мүшелері – Грузия, Латвия, Литва, Эстония, Финляндия өкілдері қатысты. 

Отырысқа қатысушылар Кеңестің 66-шы отырысының нәтижесін қорытындылап, биылғы 9 айдағы халықаралық жолаушылар тасымалына теміржол пайдалану қызметі туралы, 2017 жылғы контейнерлердің есебін жүргізу, 2018 жылға жүк вагондарын есептеуге дайындық барысын талқылады.

Негізінен алғанда, отырысқа қатысушы елдердің теміржол желісімен жолаушылар және жүк пойыздарын кедергісіз өткізу, теміржол көлігін тұрақты пайдаланудың ондаған мәселесі келісілді. 

2017 жылғы 9 айда ТМД аумағындағы елдерде теміржолмен жүк тасымалдау 101,9 % орындалды. 1484,5 миллион тонна жүк тасымалданып, 2016 жылмен салыстырғанда 41,7 миллион тоннаға жоғары болды. 

Жүк тиеу міндеттемін артығымен орындаған теміржол әкімшіліктерінің қатарында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (+5,4%) бар. Компания, халықаралық бағдардағы жолаушылар тасымалдау міндеттемесін де артығымен (+3%) орындады. 

67-ші Кеңес отырысында Достастыққа қатысушы елдердің Грузия, Латвия. Литва, Эстонияның Алят- Құрық –Порт халықаралық тікелей теміржол –паромдарымен жүк вагондарын және контейнерлерді пайдалану Қағидатын бекітті. 

Оның сыртында, жүк вагондарын пайдалану мен жөндеу, теміржол көлігі саласындағы нормативтік- техникалық құжаттарды барынша бірегейлендіріп, ретке келтіру жайлары қаралды.

Қарастырылған шаралар мемлекетаралық бағдарларда теміржол көлігін пайдалану қызметін тиімді ұйымдастыруы, жолаушылар және жүк тасымалдаудағы теміржол әкімшіліктерінің тиімді өзара қарым-қатынасында экономикалық тиімділігі мен жауапкершілігі деңгейін көтеруге бағытталды.

Кеңестің келесі отырысы 2018 жылы Қырғызстанда өтетін болады.

Поделиться:
Популярные новости
10 / 19.03.2024

ҚТЖ локомотивтері дизельдік отын шығынын 3,3%-ға қысқартты

2023 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС дизельдік отынның үлестік шығынын 2022 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға азайтып, 1169 тонна дизельдік оты...

310 / 12.03.2024

ҚТЖ жүк тасымалдау тиімділігін арттыру бойынша Бағдарлама әзірледі

Алматыда жол басқармалары филиалдарының, өңірлік тасымалдауды басқару орталықтарының басшылары, Алматы торабындағы станциялар қызметкерлерінің, ...

43 / 07.03.2024

Құрметті ханымдар!

Сіздерді келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Біздің компаниямыздың  кәсіби біліктілігі мен жауапкершіл...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер