Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1579 / 09.10.2017 16:48

Теміржолшылар астық жеткізу штабын құру туралы ұсыныс жасады

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ өкілдері 2016-2017 жылғы астық өнімдерін сатуды реттеу мақсатында Петропавл, Көкшетау, Қостанай өңірлерінде астық тасымалдаушылардың қатысуымен көшпелі кеңестер өткізді.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, Қостанай өңірінің өзінде ғана биыл 2 миллион тонна астық тасымалдау қажет. Оның төрттен үші

ел ішінде тасымалданса, төрттен бірі экспортқа шығарылмақ. Биылғы тоғыз айда Қостанай облысында 2495 мың тонна астық тиелді. Оның 62 пайызы экспортқа шығарылды. Қазақстандық астықтың негізгі бөлігін тұтынушылар Орта Азиядағы Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Иран және Түркменстан. Бұл өңірлерге қостанайлық астықтың 60 пайызы бағытталған. Сонымен қатар қостанайлықтар Қытайға да астық шығара бастады.

-Қазіргі кезде теміржол табандарының сәйкес келмеуіне (тартабанды) байланысты контейнерлік тасымал дами түскен. Биылғы наурызда Денисовка станциясынан 44 платформаға тиелген 88 контейнерде 2,5 мың тонна астық Достық-Алашаңқай арқылы Синьчжу станциясына жеткізілді»,-дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Қостанай бөлімшесінің директоры Сағындық Жұмабаев.

Қостанайдағы көшпелі кеңес барысында астық өнімдерін тиеу, жеткізу кезіндегі өзекті жайлар талқыланды.

-Жүк жөнелтушілер тарапынан вагондарға өтінімді дер кезінде берудің тұрақты жоспары сақталмайды. Кейбірінде өнімдердің көлемі тиісті мөлшерде болмай қалады»,-дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Жылжымалы құрамға жүк тиеу департаментінің директоры Дәулетбек Нығметов.

Сонымен қатар, сертификаттау мен кедендік ресімдеулердің ұзап кетуі вагон беру қызметтеріне кедергі келтіреді. Мәселен, экспортқа астық шығаруға тиісті ветеринарлық сертификат алуға он күн кетсе, Кеден одағы елдеріне бес күн жұмсалады.

-Элеваторлар мен астық қабылдау кәсіпорындарында вагон беру кезегі сақталмайды. Сондықтан онда вагондардың тығындалып қалуы жиілейді. Элеваторлар тәулік бойы тоқталыссыз қызмет етпегендіктен вагондар бос тұрып қалады»,-дейді Д. Нығметов.

Осындай өзекті мәселелерді қорытындылай келіп, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ көшпелі кеңестеріне қатысқан өкілдер тасымалдау үдерісіне барлық қатысушыларды біріктіре отырып, вагондарға жүк тиеу түсіру қызметін уақытында атқару үшін, бақылау органдарының тиісті құжаттарды жедел ресімдеуі үшін, арнайы Штаб құру керектігін айтып отыр.

-Өткен жылы 6 мың вагонмен 2,4 миллион тонна астық тасымалданды. Мәселен, вагондарға жүк тиеу уақытын үнемдеу арқылы вагон айналымын бір тәулікке қысқартудың өзінен тәулігіне 290 мың тонна астық тасымалдауға мүмкіндік болады»,-дейді Д. Нығметов.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
23 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

214 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

131 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер