Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат
2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жол...
«ҚТЖ - Жук тасымалы» АҚ-да биылғы тоғыз айда өткен жылдың сәйкес мерзімі көрсеткішімен салыстырғанда,жүк тасымалы көлемі 11 пайызға артқандығы байқалды.
Биылғы қаңтар қыркүйек айларында барлық негізгі жүк тиеу көлемі - 13,6%, оның ішінде астық өнімдері -17%, ұн өнімдері -16% өскен. Астық өнімдерін экспортқа шығару көлемі 7%, ұн өнімдері – жоспардағыдан 32% артық.
Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, экспорттық тасымалы 12 пайызға өсті. Оның ішінде, көршілес мемлекеттерге Қырғызстан (24%), Қытай (19%) және Ресейге (12%) жіберілген жүктер сол елдердің теміржолдарымен тасымалданған.
Осы мерзімде импорттық тасымал көлемі өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 19% жоғары болып отыр. Оның ішінде Қытай (26%), Ресей (19%), Өзбекстан (16%) шекаралық теміржол өткелдері арқылы тасымалданған.
Биылғы тоғыз айда Еуропа-Қытай бағдарындағы контейнерлік жүк тасымалы екі есеге өсті. Сонымен қатар Қазақстан аумағы арқылы ҚХР-Еуропа бағдарындағы транзиттік контейнерлік жүк тасымалдау көлемі 1,6 есеге артқан. Негізгі транзиттік тасымал Ченду- Достық- Лодзь бағдарының үлесіне кіреді.
Жүк тасымалының тасқындай түсуіне Компаниядағы тиімді транзиттік тасымалда қолданылып жатқан заманауи логистикалық әдістер және жүк жөнелтушілер мен сапалы көлік қызметін көрсетушілер қатарының көбеюі әсер етіп отыр.
2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...
2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...
Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...