ПРЕСС-РЕЛИЗ
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Респу...
Қазақстан темір жолында экономикалық тиімділігі тамаша жоба іске қоcылғанын хабарлайды, ҚТЖ баспасөз қызметі.
Бұл – «3-2» тәртібімен жасақталған жылжымалы құрам. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Достық станциясына Чендудан келіп тоқтаған 123 контейнері бар үш жылжымалы құрамнан екі құрам жасақталған. Яғни, Қытайдан келген үш пойыздың әрбіреуінде 41 контейнерден болған. Ал Достықта одан 62 және 61 вагоннан тұратын екі пойыз жасақталған. Бұл контейнерлік пойыздар Достық (Қазақстан) – Елек (Ресей) – Красное (Беларусь) – Брест (Польша) бағдары бойынша жөнелтілмек. Тек Польшадан әрі қарай 1435 тар жол табанына лайықталып, қайтадан үш жылжымалы құрамға бөлінеді.
Әзірге, тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған пилоттық жоба арқылы локомотив бір локомотив тартымына үнем жасап, айтарлықтай экономикалық тиімділік бермек. Жоба өз кезегінде Қытайдан Еуропаға Қазақстан аумағы арқылы шығатын транзиттік жүк ағынын тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді деп күтілуде.
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...
2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...