Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1696 / 07.08.2017 14:42

Машинист мәртебесі

Тәуліктің қай мезгілі болмасын «шарманкасына» керек-жарағын салып, жұмысқа дайын отыру – барлық машинистерге тән ерекшелік. Бұл қазақылық машинист Жақсылықтың да отыз үш жылдан бері бойына сіңген қасиет.

Е, түтіні будақтап соншама вагонды сүйреп бара жатқан алып тепловозды жүргізуді армандамаған қазақ ауылында бала болмаған шығар. Жақсылық та мектеп бітірген бойы Қазалыдағы техникалық училищеде алты ай оқып, білдей «машинист көмекшісі» деген куәлік алған күні бала күнгі арманына қол жеткізгендей қуанған. 1984 жылы Жиенқұловтар әулетінен тұңғыш болып теміржолға түрен салды. ,

– Жаңалық Маханұлын алғаш депоға келген кезінен жақсы танимын. Жұмыс кезінде қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына қатысты бірнеше мәрте қиын жағдайларға тап болып, тығырықтан шыға білген шеберлігі де есімде. Кәсіби жауапкершілікті бәрінен жоғары қоятын азамат бүгінде ұжымның мақтанышы, – дейді Қызылорда локомотив пайдалану депосы директорының орынбасары Ізбасхан Сүйінов.

Қазалы айналым депосында жүк құрамалары машинистерінің көмекшісі міндетін абыроймен атқарған Жаңалық Мұханұлы 2010 жылы Павлодар қаласында біліктілік санатын арттыру курсынан өтіп 2-санатты машинистке деген құжат алады. Алғаш тепловоздың оң жағына отырғанда өзіне артылған сенімді сезіне білген Жаңалық әлі күнге дейін жұмысқа келгенде ең басты мақсат қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға қырағы болу деген ұстаныммен қаруланды және де мұны күнде қайталайтыны дағдыға айналған. Өзімен қатар депода машинист көмекшілері болып жұмыс жасайтын баласы Қуаныш пен тетелес інісі Жаңабайға да осы ұстанымды үйретуден жалыққан емес, олардың жұмыс тәртібіне өзін жауапты сезінеді.

– Он жылдан астам уақыт депоның №5 маневр колоннасында машинист-нұсқаушы, яғни инструктор болып қызмет жасап келемін. Колоннадағы 20 машинист бригадасының жұмыс тәртібіне жауаптымын. Машинист бригадаларының әр бір сапарына тыңғылықты дайындық жасаймыз. Ең бастысы қозғалыс қауіпсіздігінің сақталу ережелеріне ықтият болу, қырағылық, техникалық қауіпсіздік, сеніп тапсырылған кәсіби қызметке адалдық бұл машинистердің, жалпы теміржолшының міндеті. Инструктор колоннадағы тәртіп, жұмысқа дайындық, еңбек тәртібінің сақталуына жауапты. Техниканың тілін білу инструктордың кәсіби шеберлігіне сын. Машинист телімдердегі әр участоктың белгіленген жылдамдығын сақталуын аса мән беру керектігі әр сәт сайын қайталап отырамыз… Осылай, бала күнгі алып құрамаларды жүргізетін машинист болу арманым орындалды, – дейді машинистер колоннасының жетекшісі Жаңалық Жиенқұлов.

Өндірістен қол үзбей жоғары білім алды. Өз кәсібіне деген адалдығы, жүктелген қызметті асқан жауапкершілікпен орындай білетін шеберлігі үшін 2005 және 2011 жылдары «Локомотив» АҚ президенті мен «Локомотив» АҚ филиалы Қызылорда локомотив пайдалану депосы директорының Құрмет грамотасын иеленіп, колоннасы үздіктер қатарынан көрінді. Жаңалық басқаратын №5 коллонна мысалы, 2015 жылы 332,2 тонна, 2016 жылы 411,7 тонна дизель отынын үнемдеп, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік және қозғалыс қауіпсіздігін сақтау шараларын мінсіз атқарған.

Поделиться:
Популярные новости
182 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

321 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

257 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер