Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1861 / 14.06.2016 23:56

Тұғырда – тарихтың тірі куәгері

Сарыөзек станциясына темір жол тарихынан сыр шертіп, көненің көзіне айналған паровоз-ескерткіш орнатылды. Бұл Түркісіб құрылысына қатысып, жапан дүзде тіршілікті жандандырған ата-бабаларымызға, пойыздардың қауіпсіз жүріп тұруын қамтамасыз етуші барлық теміржолшыларға етілген тағзым, көрсетілген құрмет іспеттес.

Күн сәулесімен шағылысқан паровоз алыстан менмұндалайды. Паровоз тарихына үңілсек, ол екінші дүниежүзілік соғыс соңында Коломенск зауытында, даңқты конструктор Лев Лебедянский мен академик Сергей Сыромятниктің жетекшілігімен жасалыпты. Ал бүгінде ол сарыөзектік локомотившілер үшін өзінің қызметін толыққанды атқарып шыққан жәдігер ретінде бой түзеп тұр.

Паровоз-ескерткіштің ашылу салтанатында «Локомотив» АҚ вице-президенті Айтым Құрақбаев сөз сөйледі

– Бұл ескерткіштің ашылуы – кешегі Түркісіб құрылысшылары мен осы өлкенің теміржолшыларына көрсетілген деген үлкен құрмет, ізгі ілтипат. Мен жерлестерімді, локомотивші ретінде еңбек жолымды бастаған Сарыөзектей туған депо ұжымын осынау айтулы оқиғамен құттықтаймын. Бұл ескерткіш өскелең ұрпаққа теміржолшы кәсібінің қандай мәртебелі мамандық екенін айқындап, ой салар деген үміттемін, – деді Айтым Тұрсынұлы локомотившілер символына айналған паровоз ескерткішінің маңыздылығына айрықша тоқталып.

Өз кезегінде жергілікті билік өкілдері де, өлке экономикасының өркендеп, дамуына сүбелі үлес қосып отырған теміржолшы қауымына жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін арнап, естеліктер айтылды. Кезінде Сарыөзек паровоз депосының ұзындығы 622 шақырымды құраған Үштөбе – Шу теліміне қызмет көрсетілгені, сол кездері депо тіркелімінде 50 паровоз болғаны сөз болды, бригадалар бірінші күннен бастап-ақ, ауыр техникаларды басқарудың озық тәсілдерін сәтті меңгеріп алған екен. Ал Ұлы Отан соғысы жылдары ұрыс даласына эшелондарды шапшаң жеткізу үшін майдан паровоз колонналары жасақталыпты. Соғыстан соң пойыздарды жүргізуге қатысты паровозшылар көптеген бастамалар көтеріп, паровоз жұмысының сенімділігін арттыратын рационализаторлық ұсыныстар, сонымен қатар тасымалды ұйымдастырудың жаңа әдістерін ұсынған.

Тіпті теміржолшылар «Л» сериясындағы паровоздарды өздерінше «еркелетіп» «Лебедянка», «Лебедь» деп те атаған көрінеді. Ал паровоздарға «Л» сериясы бас конструктор Лев Лебедянскийдің жобасы бойынша құрастырылғандықтан беріліпті. Бұл паровоздар сол заманда ең озық, қызмет көрсетілімінде қарапайым болып келген. Өзіндік құрылымымен, өлшемімен ерекшеленген бұл паровоздың конструктивтік жылдамдығы 80 км/сағат, ұзындығы 13796 мм болса, салмағы 102,1 тонна. 1945-1955 жылдар аралығында Коломенск, Брянск, Волошиловоградск зауыттарында барлығы 4199 паровоз құрастырылыпты.

– Бұл айбынды монумент барлық теміржолшылардың қажырлы еңбегін асқақтатын белгі болып қалмақ. Оның жанында ардагер-машинистер жас ұрпаққа сан мәрте ақ жол тілеп, жақсы тілек-лебіздерін айтары сөзсіз, – деп ой түйген Сарыөзек локомотив айналым депосының бастығы Қасен Егзековтің сөзін қазіргі зейнеткер-машинистер, өлкенің қадірлі азаматтары Ярмуш Пермухаметов, Виктор Ткаченко, Серғали Ахатов, Валерий Кулжанов, Өмірғали Құрақбаев, Бегәлі Оспанов сынды машинистер қостады және толықтырды.

Салтанатты шара барысында депоның үздік қызметкерлері, машинист Айқын Сыдықов, машинист-нұсқаушы Талғат Жакилин, техника қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі инженер Валерий Головин «Локомотив» АҚ президентінің Мақтау грамотасымен марапатталды. 

Поделиться:
Популярные новости
1758 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1503 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1363 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер