Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1784 / 20.05.2016 18:02

«Менің әкем – машинист»

Машинист жылы аясында «Локомотив» АҚ жариялаған «Менің әкем – машинист» тақырыбындағы байқауға еліміздің түкпір-түкпіріндегі локомотив пайдалану деполарында еңбек етіп жатқан машинистердің балалары жолдаған хаттарды қорытындылап, үзінділер ұсынбақпыз.

«Менің әкем Шегебаев Жұмабай, Қызылорда локомотив пайдалану депосына қарасты Шиелі айналым депосында 1988 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Әкешім өз ортасында беделді, абыройлы жан. Ол өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды, оның жұмысы қиын, күндіз-түні жол үстінде жүреді. Мен әкемді әрқашанда мақтан етемін», – деп жазады 13 жасар Ұлболсын Жұмабайқызы. Ал Шиелі станциясында тұратын 9 жасар Медет Азаматұлы: «Менің атам – Шерімбетов Серік Қызылорда локомотив пайдалану депосында машинист-нұсқаушы, әжем сол депода зертханашы, ал әкем тепловоз машинисі. Мен атамның баласымын, атам тепловоз машинисі болып көп жыл жұмыс істеген. Атам «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған. Мен де өскенде машинист боламын...» деп сыр шертеді. Ал ағасының әңгімесін «әкесінің баласы», 7 жасар Рамазан Азаматұлы да жалғастырып: «Менің өскенде әкем Шерімбетов Азамат секілді тепловоз машинисі болатыныма сенемін» депті. Біз ағайынды Медет пен Рамазанның атасы мен әкесінің ізін жалғастырып, майталман машинист боламын деген армандарының орындалуына тілектеспіз.

Бұл байқауға Сыр өңірі машинистерінің балалары белсенді қатысып отырғанын айта келіп, қызылордалық тепловоз машинисі Рахат Шербатшаевтің қызы, 12 жастағы Алида Абдрашиттің хатына тоқталайық.«Әкемнің күн-түн демей жұмысқа кетіп бара жатқанына біз әбден үйреніп алғанбыз. Ол жұмыстан шаршап келгенде шуламауға тырысамыз. Үйдегі кішкентай інім де өскенде машинист боламын деп армандайды. Әкемнің киген формасына, пойызды жүргізгеніне қатты қызығады» дейді ол. Ал Еркебұлан есімді 10 жастағы өрен әкесі Дархан Айқожаев болашақта машинист болатынына сенімді. «Біздің отбасымыз теміржолшылар әулетінен. Атам Айқожаев Тілеуберген әкем жұмыс істейтін депода нұсқаушы машинист, ол өз қызметін адал атқарғаны үшін «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін», «Құрметті теміржолшы» төс белгілерімен марапатталған. Үлкен атам Тұрсын Айқожаев та жарты ғасыр ғұмырын темір жолға арнаған, Құрметті теміржолшы болған. Әулетіміздің темір жолдағы еңбек өтілі – 200 жыл» деп жазады Еркебұлан Тілеуберген. Сексеуіл станциясынан хат жолдаған кішкентай Назым: «Әкем Бұхарбаев Қанат машинист. Әкемнің жұмысы өте ауыр, соған қарамастан жұмыстан шаршап келгенде бізді көріп, бар шаршағанын ұмытады. Біз әкеміз жұмысқа кетіп бара жатқанда «Әке, жолың болсын!» деп шығарып саламыз...» деп жазады.

Ал Наурызтай Болатова әкесі туралы былай дейді: «Менің әкем Анапянов Ардақ кішкентай кезінен бастап машинист болуды армандаған. Өзінің арманына жетіп, Аягөз локомотив депосында 30 жыл жұмыс істеп келеді. Біз әкемізді мақтан тұтамыз». Ал 8 сынып оқушысы Мөлдір Уатханова машинист мамандығы аса жоғары төзімділік пен еңбекқорлықты талап ететінін және осы қасиетті Аягөз локомотив пайдалану депосында машинист болып жұмыс істейтін әкесі Қанат Советқалиұлының бойынан көретінін шығармасына арқау еткен. «Әкем Ауғанстан майданының жауынгері» – дейді сөз соңында.

Ал Серікқанов Айбек есімді балақайдың әкесі Бақтыбек Телжанов Ақтоғай локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі екен. «Әкем жолаушылар пойызын жүргізеді. Жолға шықпас бұрын қасындағы көмекшісі екеуі тепловозды тексереді. Іссапардан келгеннен кейін тепловозды жуып өткізеді...» деп әкесінің жұмысынан сыр шерткен Айбек өскенде өзінің де әкесіне ұқсап, машинист болатынына сенімді. Ал Атырау техникалық гимназиясының оқушысы Айгүл Орынбасарова әкесі Қамат Гурьев темір жол техникумын бітірген 1995 жылдан бері Атырау локомотив пайдалану депосына машинист болып абыройлы еңбек етіп келе жатқанын айтады. «Еңбектегі жетістіктерінен бөлек футболды өте жақсы көреді және жақсы ойыншы...» деп әкесін мақтанышпен сипаттайды.

Казахстан темиржолшысы 

Поделиться:
Популярные новости
1716 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1471 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1342 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер