Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1201 / 17.05.2016 12:18

Машинист көмекшісінің жанұясы марапатталды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және халықаралық отбасы күні қарсаңында Қызылордада өткен «Отбасы – тәрбие ұясы» атты облыстық байқауға қатысқан машинист көмекшісі Исабеков Нұрлыбектің жанұясы жүлделі орын алды.

Байқауға шаңырақ көтергендеріне 25 жыл толған үлгілі жанұялар қатысты. «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы ұйымдастырған байқауға қаладан бөлек барлық ауданнан жанұялар қатысты. Қызылорда локомотив пайдалану депосы ұжымынан қатысқан тепловоз машинисінің көмекшісі Исабеков Нұрлыбектің отбасы II дәрежелі дипломмен марапатталды.

– Байқаудың негізі мақсаты Тәуелсіздік жылдарындағы отбасы жетістігін насихаттау, отбасы құндылықтарын дәріптеу және отбасын нығайту мен дәстүрлерді сақтау, мемлекеттілігімізді дамыту, – деді өз сөзінде шара шымылдығын ашқан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев, қатысушы отбасыларға сәттілік тілеп.

Үш кезеңнен тұратын байқауда отбасылар өздерін таныстырып, өз өнерлерін көрсетумен қатар «Тәуелсіздікке тарту» деп аталатын ақырғы айналымда 25 жылда қол жеткен отбасы жетістіктерін паш етті.

Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды Жалағаш ауданынан келген Жанашевтар отбасы иеленсе, 2 орын теміржолшы-локомотивші Исабековтер отбасына және 3 орын Шиелі ауданынан келген Арыстанбековтер жанұясына бұйырды. Сондай-ақ, «Салауатты отбасы», номинациясымен, «Жарасымды жанұя», «Шағармашыл отбасы», «Жаңашыл отбасы» және «Көрермендер көзайымы» номинацияларын иеленген отбасылар да сый-сыяпаттан құр қалмады. Барлық қатысушыларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Казахстан темиржолшысы

Поделиться:
Популярные новости
1716 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1471 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1342 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер