Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1314 / 12.05.2016 15:31

Дәстүр жалғастығы деген осы...

9 мамырда Павлодар жол бөлімшесі аумағында айтулы оқиға болды. Жеңіс күні құрметіне Екібастұз-2 станциясынан тәуелсіз Қазақстан темір жолының тарихында тұңғыш рет 9000 тоннадан асатын ауыр салмақты айрықша құрам жолға шықты. Жаңа еңбек рекордын сәтті жүзеге асыру арқылы екібастұздық локомотившілер «Локомотив» АҚ жариялаған Машинист жылын атап өтіп отыр.

Ауырсалмақты құрамды сапарға шығарып салу салтанатты жағдайда өтті. Бүгінде темір жолдың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып жатқан теміржолшылар мен сала ардагерлері, қоғам өкілдері магистраль еңбеккерлерінің тағы да бір жаңа табысының куәгері болды. Қазақстандық өндірістен шыққан KZ8A сериясындағы локомотив, артына салмағы 9000 тоннадан асатын, көмір тиелген 90 вагонды тіркеп алып, жолға шықты.

«Локомотив» АҚ филиалы Екібастұз локомотив пайдалану депосы директорының міндетін атқарушы Әмір Такишевтің айтуынша, пойыз шын мәнінде бірегей, теңдессіз. Астана зауытында құрастырылған локомотив, тоқсан вагоннан жасақталған пойызды бірінші рет тіркеп алып барады екен.

– Мұндай ауырсалмақты құрамдар пайдалану шығындарын қысқартып, темір жол телімдерінде өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Әлбетте, біз бұл рейске алдын ала дайындық жасадық, – деп атап өтті Әмір Такишев. – Локомотив өзін жақсы қырынан көрсетті. Нәтиже оң болады деген үміттеміз.

Екі секциялы KZ8A сериясындағы электровоздың нақты көрсетілген қуаттылығы 8800 киловатт. Құрылымдық жылдамдығы сағатына 120 километр. Жаңа машина заманауи үлгіде жасалған, диагностика және кешенді микропроцессорлық басқару жүйесі бар, модульді басқару кабинасы климат-бақылаумен бірге, бір сөзбен айтқанда, локомотив соңғы үлгідегі санитарлық-эргономиялық талаптар мен қауіпсіздік нормалары үдесінен табылуда.

Айрықша жасақтағы құрамды, Құрметті теміржолшы Марат Жүсіпов сынды машинист жетекшілік еткен бригада жүргізіп барады. Марат Жүсіпов темір жол саласында 37 жыл тер төгуде. Ерен еңбегі еленген азамат «Даңқты еңбегі үшін», «Құрметті теміржолшы» сынды белгілермен марапатталған әрі көптеген салалық мақтау грамоталарының иегері. Мараттың атасы, Төлеген Рахымұлы Рахиянов та машинист болған, ол Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің бірінен екен.

Ал машинист көмекшісі Евгений Мельников – теміржолшы әулетінен. Темір жол саласында оның атасы, әкесі еңбек етсе, қазір олардың ізін Евгений мен үлкен ағасы жалғастыруда. Машинист көмекшісі атасы Александр Гаврилович Ильиннің 14 жастағы жасөспірім шағында майданға кетіп, әскери эшелонда от жағушы болып жұмыс істегенін айтады. Ал 9 мамырда Евгений Мельниковті рейске анасы Галина Александровна мен жұбайы Мариэта шығарып салды.

– Женяны әр сапарына шығарып салып, қарсы аламыз, – дейді келіншектер. – Осылай сегіз жыл өтіпті. Женяға теміржолшы мамандығы «мұрагерлікпен» қалған, бұл оның тағдыры. Арқа тұтар азаматтарымызға, рейсті ойдағыдай атқарып келуге тілектеспіз! Ал біз оларды тағатсыздана күтетін боламыз.

Кішігірім митинг мен Марат Жүсіповтың рейске дайындықтарын баяндаған рапортынан кейін, ауырсалмақты құрамның жолға шығуына салтанатты түрде рұқсат берілді. Марат Жүсіпов пен Евгений Мельников эстафетаны өз кезегінде Астана, Бурабай курорты және Жаңаесіл станцияларындағы әріптестеріне беретін болады. Пойыз аялдайтын Қазақстандағы соңғы нүкте Пресногорьковская станциясы болмақ.

газета "Казахстан темиржолшысы"

Поделиться:
Популярные новости
1744 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1489 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1353 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер