Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1230 / 12.05.2016 15:30

ТОҒЫЗ МЫҢ ТОННАЛЫҚ ПОЙЫЗ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Жеңіс күні қарсаңында Екібастұз-2 стансасынан ауыр жүкті, салмағы 9 мың тонналық пойыз жолға шықты. Сөйтіп, жаңа еңбек рекордына қол жетпек.

Пойыздың басында – Қазақстанда жасалған KZ 8А сериялы екі секциялы магистралды жүк электровозы. Тоғыз мың тонналық пойыздың пайдалануға берілуі – Ұлы Жеңіс мейрамы мен ардагер-жеңім­паздардың құрметіне арналған есте қалар­лық аса маңызды оқиға. Құрамында тәжі­рибелі маши­нист Марат Жүсіпов пен машинистің көмекшісі Евгений Мельников бар локомотив бригадасы Екібастұз станса­сынан рекордтық пойызды жүргізіп шықты. Одан кейін эстафетаны Астана, Бурабай шипажайы және Жаңа Есіл локомотив бригадалары қабылдады. Сол күні көмір тиелген 98 вагоны бар пойызды Астана, Бурабай шипажайы және Жаңа Есіл стан­саларының тұр­ғындары көріп, тамашалады. Жүк пое­зының соңғы аялдамасы – Пресно­горьковская стансасы.

Ауыр салмақты жүк пойызын жолға шығарып салу салтанатына теміржол қыз­меткерлері мен ардагерлері және жұрт­шы­лық жиналды. Перронда ұйым­дас­тырылған сахнадан құттықтау мен жүк пойызы бригадасына ізгі тілектер айтылды.

Екібастұз пайдалану локомотив депо­сының пайдалану жөніндегі дирек­торының орынбасары Әмір Таки­шевтің пікірінше, бұл оқиға «Локомотив» акционерлік қоғамында жарияланған Машинист жылын өткізуге байланысты өткізіліп отыр.

– KZ 8А сериялы екі секциялы ма­гистралды жүк электровозы – біздің елімізде құрастырылған алғашқы элек­тровоз. Оның жалпы қуат-күші 8800 кВт. Конструкциялық жылдамдығы сағатына 120 шақырым. Электровоз ауыр салмақтағы пойыздарды алып жү­руге жарамды және өте сапалы екендігін көрсетті, – деп атап көрсетті ол.

Депоның бас инженері Болат Сарыбай­дың айтуынша, бұл оқиғаның депода жұмыс жасап жүрген әрбір жұ­мысшыға аса зор жауапкершілік жүк­тейді, сондықтан ауыр салмақты по­йызы жолға дайындауға айрық­ша назар аударылады.

Салтанатты жиын соңында депо басшы­лығы атынан үздік жұмысшы­ларға мақтау қағаздары тапсырылды. Марапатталған­дардың арасында рекордтық пойызы жүргізу құрметіне ие болған локомотив бригадасы да бар.

Мамандардың пікіріне жүгінсек, ауыр салмақты жүк пойыздарын жүргізу пайда­лануға бөлінетін шығын көлемін азайтуға мүмкіндік береді және жол учаскелеріндегі өту қабілетін анағұрлым арттыра түседі.

Машинист Марат Жүсіпов 37 жыл бойы теміржол саласында жұмыс істеп келеді. Ол еңбектегі тамаша жетістіктері үшін «Құр­метті теміржолшы» төсбел­гісімен, көлік және байланыс қыз­мет­керлері мерекесі қарсаңында бірнеше мәрте Құрмет грамота­сымен, «Даңқты ең­бегі үшін» белгісімен де марапат­тал­ған. Машинистің атасы Төлеген Ра­хиянов Ұлы Отан соғысының ардагері, бірқатар марапаттарға ие болған.

– Мұндай пойызды жүргізу біз үшін ерекше құрмет. Сондықтан әрдайым бас­­шылықтың сенімін ақтаймыз. Шо­йын жол бойында қандай да бір проб­лема болады деп ойламаймын. Өйткені барлық түйткілдер жан-жақты талқы­ла­нып, шешілген. Біздің тәлім-тәжіри­бе­міз өз нәтижесін көрсететіні анық. Біз бүгінгі іссапарымызды Ұлы Отан соғы­сының барлық ардагерлерінің құрме­тіне арнаймыз. Өйткені олар біздің бақытты өміріміз үшін қан май­данда жаумен арпалысты, – деді машинист.

Сондай-ақ, ол KZ 8А сериялы жүк элек­тровозында локомотив бригада­ларының оңтайлы жұмыс жасауы үшін барлық қолай­лы жағдай – кондиционер, тоңазытқыш, ыңғайлы кресло, т.б. қарастырылғанын айтты. Бұған қоса, жаңа электровозда бас­қару мен диаг­ностиканың кешенді микропроцес­сорлық жүйесі орнатылған. Сонымен қатар, машинистің кабинасында осы заманғы санитарлық-эргономикалық талаптар мен қауіпсіздік нормаларына сай келетін модулді климат-бақылау жүйесі жұмыс істейді.

Евгений Мельников 8 жылдан бері машинистің көмекшісі қызметін атқарады. Оның локомотивті басқару куәлігі де бар. Евгений – теміржол­шылар әулетінің өкілі. Ол локомотив депосына әкесінің жолын қуып келді. Оның әкесі теміржолда 24 жыл жұмыс істеген тәжірибелі теміржолшы. Ал оның атасы Александр Ильин 14 жа­сын­да майданға жүк тасып, паро­воздың от жағу­шысы болған. Қарт теміржолшы соғыс аяқталған соң Ақмола облысында өмір сүріп, еңбек етті. Көптеген мақтау мен марапаттардың иесі.

Евгенийді жауапты сапарға шыға­рып салуға анасы мен жұбайы да келді.

– Евгений сапарға шығар алдында қатты толқыды. Біз оған ақыл-кеңесі­мізді бердік. Бай­қаймын, қазір оның көңіл-күйі көтерің­кі, жұмысқа деген ын­тасы да жоғары. Біз олардың сапа­рына сәттілік тілейміз, – деді анасы Галина Мельникова.

«Локомотив» АҚ-тың жұмыс­шы­лары теміржолда ауыр салмақты по­йыздың негізін қалаушыларға айналды. Қазіргі уақытта Қазақстанда жасалған локомотивтермен салмағы 7 мың тон­налық пойыздар теміржол бойында еркін жүйткуде.

Теміржолшылардың Ұлы Жеңіске зор үлес қосқанын бүгінгі күні айрықша атап өткен жөн. Соғыс басталған алғаш­қы күннен бастап барлық теміржол бекеттерінде, көлік кәсіпорындарында социалистік жарыстың айрықша ұйым­дастырылғаны белгілі. Ма­шинистер мен машинистің көмекшілері, паро­воздың от жағушылары сол бір сұра­пыл соғыс жылдары ауыр салмақты пойыз­дар­ды жоғары жылдамдықпен жүргізуді де жақ­сы меңгеріп, отынды үнемдей білген. Олар­дың мұн­дай істері – әрқа­шан жастарға үлгі-өнеге!

Айкын газетi
Поделиться:
Популярные новости
1754 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер