Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1351 / 07.05.2016 22:57

Мәңгілік алау, бір минут үнсіздік...

Жеңіс күні қарсаңында Ақтөбе локомотив пайдалану депосы соғыс ардагерлерін жинады. Ұзақ жылдар локомотив шаруашылығында еңбек еткен соғыс және еңбек ардагерлері мәңгілік алауға гүл қойып, қаруластарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Саз сырнайда әскери тақырыптағы әндер төгіліп тұр. Ақтөбе локомотив пайдалану депосының директоры Талғат Медеубаев ардагерлерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады. «Қадірлі ардагерлер! Майдан шебінде жаумен арпалысып отан қорғаған батырларымыздың қатары, өкінішке орай сиреп барады. Өмірлерінің ең қымбат жылдарын, жастық шағын соғысқа арнаған боздақтарымызды біз ешқашан ұмытпаймыз, жүз жасаңыздар! – деп тілек білдірді депо басшысы .

Өз кезегінде, Ақтөбе локомотив жөндеу депосының директоры Асқар Хамзин де ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарды құттықтап, қарияларға осы күнге аман жеткізгендері үшін, қазіргі ұрпақтың бейбіт заманда өмір сүріп жатқаны үшін алғысын жеткізді.

Қариялар атынан сөз алған локомотив шаруашылығы ардагерлер кеңесінің төрағасы Александр Алпысбаев бейбіт күннің қадіріне ештеңе жетпейтінін айтты. Салтанатты шара соңы мерекелік дастарханмен жалғасты. Сырнайдың сүймелдеуімен майдан әндері орындалды. Қосыла шырқаған майдангерлер мен тыл ардагерлері көздеріне жас алып, естеліктерімен бөлісті.   

Поделиться:
Популярные новости
1744 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1489 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1352 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер