Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Парасат пайымы биік жан
1437 / 29.04.2016 11:20

Парасат пайымы биік жан

Локомотив бригадаларының жұмыс кестесін реттеп, сапар кезегін үйлестіретін Дагмира Сардалованың Ақтөбе локомотив пайдалану депосындағы еңбек өтілі ширек ғасырдан асқан.

Шұбарқұдық ауылында өскен ол Қазақстанға 9 жаста болғанда ата-анасымен көшіп келгенін айтады. Бүгінде әкесі Темір ауданында тұрады. Өмір бойы теміржолшы болған. Дагмира көпбалалы шешен отбасынан шыққан. Туған бауырлары да болат жолдың бойында маңдай терін төгіпті.

– Шұбарқұдық ауылында мектеп бітірдім. Бала кезімнен қазақ тілінде еркін сөйлеймін. Әкем тек қазақ тіліндегі мерзімді баспасөзді жаздыртып оқиды. Жергілікті билік оны құрметтеп, мерекелік салтанатты шаралардан қалдырмайды, – дейді депо реттеушісі.

Шешен қызы Дагмира өзінің ана тілін де ұмытпағанын, жылына бір келетін еңбек демалысын Шешенстанда өткізетінін айтады.

– Меніңше, әр адам өзі мекен етіп жатқан елдің мәдениетін, ділін, тілін білуі керек. Бұл құрметтеудің және үлкен құрметке ие болудың бір белгісі. Маған қазақ тілі бөтен емес. Әлбетте, өзіңнің туған тіліңді де ұмытпауың тиіс. Мен осы ұстанымдарға берікпін. Шешен халқы қазақты жақын тартып, сыйлайды. Екі елдік байланысы тереңде жатыр. Менің тарихи Отанымда туыстарым көп. Мен ол жаққа жиі барып тұрамын. Олар да Қазақстанға жиі келеді. Дастархан жаямыз, ұлттық тағамдар дайындаймыз. Мен қазақтың да, шешеннің де ұлттық тамақтарын жақсы дайындаймын. Санаулы жылдар бұрын болған соғыс кезінде мен әпкелерімді қатты уайымдайтынмын. Қазір барлығы артта қалғанына шүкіршілік етемін. Шешенстан дамып келеді. Грозный да Астана сияқты өте әдемі қала. Ал Қазақстанға келсем, қазақ халқының кең пейіл, дархан мінезінің арқасында, көп ұлттар тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан жайы бар. Лайым, елдің бірлік, татулық, достық қасиеттеріне сызат түспесін, – деп ағынан жарылды Дагмира әпкеміз.

Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе

Суретті түсірген автор 

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер