Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
 Жарасымды жұп
1473 / 29.04.2016 11:18

Жарасымды жұп

Сан түрлі ұлттың өкілі бір атаның баласындай ортақ мүдде жолында жұмыла еңбек етіп жатқан «Локомотив» акционерлік қоғамының үлкен ұжымында интернациональды отбасылары да аз емес. Соның бірі шұғыл бөлімнің 2-ші дәрежелі менеджері Омар Әбдіковтың отбасы.

Омардың жұбайы Светлананың әкесі орыс, анасы қазақ екен. Қазақы биязылылық, инабаттылық бойынан табылған Светлана да Астана локомотив пайдалану депосында жұмыс істеп, бала тууына байланысты демалысқа шыққан екен қазір.

– Мен теміржолшылар әулетіненмін. Династияның негізін сонау 30-шы жылдары атам Өсербай қалапты. Ол өмір бақи Қарағанды паровоз депосында жұмыс істеген. Атамыздан 9 бала өрбіпті. Соның үшеуі ғана басқа салада жұмыс істесе, қалғандары темір жол саласынан нәпақасын тапты. Қазір ол ағайындылардың балалары да әке жолдарын жалғастыруда. Солардың қатарында мен де бармын. Менің әкем Төлеутай да саналы ғұмырын темір жолға арнаған адам. Өмірінің соңғы күніне дейін десем, артық айтқандық емес, ол Қарағанды локомотив депосында слесарь болып жұмыс істеп, дүние салды. Екі әпкемді қоспағанда, мен әкемнен қалған еркек кіндіктен жалғыз тұяқпын. Қарағанды сұрыптау сияқты темір жол станциясында әрі теміржолшы отбасында өсіп-өнген менің де теміржолшы мамандығын, соның ішінде локомотив депосында әке жолын жалғастыруым заңдылық сияқты, – дейді Омар өмір жолынан сыр шертіп.

Еңбек жолын 1994 жылы Қарағанды депосында слесарь болып бастаған Омар 2000 жылы депо локомотив жөндеу және пайдалану деполары болып бөлінгенде, пайдалану депосына технолог болып кетіпті. Одан кейін НОД-та локомотив диспетчері қызметін атқарған. Орыс-қазақ тілінде жетік сөйлеп, кәсіби білім-біліктілігімен көзге түскен жас маманды 2007 жылы «Локомотив» АҚ басшылығы Астанаға, орталық аппаратқа алдыртыпты. Төрт жыл бойы екі қала арасында із салған Омар 2012 жылы отбасын түбегейлі елордаға көшіріп әкеледі. Бүгінде адал жары Светамен бақытты ғұмыр кешіп жатқан Омардың отбасында екі ұлы, бір тәтті қызы және аяулы анасы бар. Алланың қалауы болып жатса, ерлі-зайыптылар тағы да балалы болғылары келетіндерін жасырмады.

Свелана Владимирқызына келсек, әкесі шахтер, анасы балабақша тәрбиешісі болған екен. Қарағандының полтитехникалық университетінде, тасымалды ұйымдастыру бөлімінде оқыған Светаны темір жолдағы тұрақтылық, теміржолшыларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау қызықтырыпты.

Біздің «қалай таныстыңыздар, Света несімен баурап алды» деген сұрағымызға, Омар Жаңа жылда Астанадан келген достарымен дәмханаға барғанын, сонда, Светамен танысқанын, ол оны салмақты мінезімен баурап алғанын айтып күлді. Отбасы құндылығын жақсы білетін Омар мен Светлана отбасылық өмірге жаңадан қадам басып жатқан жас жұбайларға өздерінің ақыл-кеңестерін беруді де ұмытпады.

– Отбасының негізгі кірпіші екі жастың бір-біріне адалдығынан, түсіністігінен, кешірімді болу және қателігін мойындап, кешірім сұрау қасиеттерінен қаланады. Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды. Бірақ, оның әрмен қарай шытынап сынбауы үшін отанасы мен отағасының дер кезінде ымыраға келгені жөн, біреуі ашуға бой бергенде, екіншісі басу айтып, үнсіз қалса, кейін байыппен жөн-жосықты түсіндірсе, онда ол отбасы қамалын ешкім де, ештеңе де қирата алмайды. «Сабырлық түбі – сары алтын» деп бекерге айтылмаса керек. Ал қаймағы бұзылмаған берекелі отбасылар көп болса, Отанымыздың тірегі мықты болмақ. Сондықтан, Бірлік күні барша қазақстандықтарға бауырдың, отбасының бүтіндігін, еліміздің тыныштығын, халқымыздың бірлігін тілейміз, – деп ақжарма тілектерін жеткізді жарасымды жұп Омар мен Светлана.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер