Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды.
Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды. "ҚТЖ-...
Қызылорда локомотив пайдалану депосының машинист көмекшісі болып істеген, бүгінгі таңда ҚР Парламенті Мәжілісінің ең жас депутаты атанған Геннадий Шиповскихті сәл бос уақытын пайдаланып, сөзге тарттық.
– Геннадий, келе жатқан Бірлік мерекесі құтты болсын! Халық қалаулысы дәрежесіндегі қызметіңіз қалай болып жатыр? Жаңа ортаға үйрендіңіз бе?
– Мүмкіндікті пайдаланып, Қазақстан халқын, соның ішінде түрлі ұлт пен ұлыс өкілінің басын біріктіріп, бір шаңырақ астында табыстырған темір жол саласы еңбеккерлерін Бірлік мерекесімен құттықтап, ынтымақ, татулық, достық, республиканың көркеюіне елеулі еңбек сіңірулерін тілеймін. Ал жаңа қызметіме келсем, әзірге тәжірибе байытып, соны істің қыр-сырымен танысудамын. Экология және табиғатты қорғау комитетінде болғандықтан, туған жерім Қызылорда өңіріндегі көптеген өзекті мәселелерді көтеріп, сауал жолдамақпын. Мәселен, Байқоңыр ғарыш айлағының зардабы, Арал теңізінің апаты, атом өнеркәсібі бар Шиелі ауданындағы алаңдатарлық ахуал сияқты жүгі ауыр түйткілдер. Сонымен қатар, жұмысшы жастардың мүддесін қорғамақ ниеттемін. Темір жол саласында да қарапайым еңбек адамдарының көптігі белгілі. Барлығының әлеуметтік құқығы ерекше назар аударуды талап етеді. Әкемнің аманаты, қандай қиындық, кедергі кездессе де, қарапайым халыққа адал қызмет етуден тайынбау керек. .
– Темір жолдағы жұмысыңызды, отбасыңыз, дос-жаран, әріптестеріңізді сағынасыз ба?
– Әрине сағынамын. Бірақ қазіргі қызметімді де ел тағдырындағы локомотив пен оны басқару білу шеберлігі деп елестетемін. Сондықтан жауапкершілік жүгі мойнымнан түспек емес.
– Қазақстан халқының бірлігі күні Сіз үшін қандай мереке?
– Қазақта «Саусақ бірікпей, ине ілікпейд» деген тамаша нақыл бар ғой. Бұл өсиетті терең түсініп, еліміз бірлік пен татулықтан, сыйластықтан ажырамаса деймін. Мен үшін бұл мерекенің орны бөлек. Қазақ дархандығы, бауырмалдығы, пейілі кең ерекше халық. Қилы-қилы замандарда үдере көшіп, Қазақстаннан пана іздеген өзге ұлт өкілдерін, өзектен теппей, қанатының астына алғаны осы қасиеттерінің қанға сіңгенінен болса керек. Менің аты-жөнім, тегім орыс болғаныммен, затым қазақ. Мен туралы теміржолшылар бес саусағындай біледі. Десе де, бүгін Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында, мені өсіріп, ел қатарына қосқан, бүгінгі күнге жеткізген қазақ ата-анама, отбасыма шексіз алғысымды, ризашылығымды білдіргім келеді. Мен Сексеуіл ауылында дүниеге келдім. Тағдыр тәлкегімен, жастайымнан жетім қалып, балалар үйінде тәрбиелендім. Бірақ, қиналып жүрген күндердің бірінде, мен қала сыртындағы шаруа қожалығының иесі, қазіргі ата-анам Мұрат Насыровпен және оның жұбайы Баян Бимағанбетовамен таныстым. Бес баласы бар өнегелі отбасы мені де жатсынбай бауырына басты. Үйде еркелетіп, «Алтынбегім» дейді олар. Бірақ, менің ата-тегімді ауыстыруыма қарсы болды. Бұл сенің фәнилік болған ата-анаңнан қалған естелік, ата-текте, ұлтта тұрған ештеңе жоқ, тек жақсы адам болып өссең болды деген еді әкем. Бауырларым бар, отбасы жылуына бөлендім, өзімді ешқашан бөтен сезінбедім. Теміржолшы мамандығын таңдауым, машинист болып өмірден өткен атама құрметім. Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерін, туып-өскен жеріңнің, Отаныңның патриоты болуға шақырамын. Бүгінгі «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» бейбіт заман мәңгілікке ұласса деп тілеймін. Әр шаңырақта береке, мәнді мереке тарқамасын! «Бірлік түбі – береке» екенін естен шығармайық.
– Замандас болғасын, жеке өміріңізге қатысты бір сұрақ қойғым келіп отыр. Бойдақ екенсіз, жақын арада отбасын құру ойыңызда жоқ па? Ел арасында, сіздің тойыңызды асыға күтіп жүргендер қатарында билік басында жүрген ағалар да бар деп естідік.
– Шаңырақ көтеріп, түтін түтету шариғат заңы. Бірақ, жақын күндері отбасын құру ойымда жоқ. Оның үстіне, өмірлік адал жар болатын, адамымды тапқан жоқпын әзірге. Үйленіп жатсаң, тойыңа шақыруды ұмытпа деп Қызылорда облысының әкімі бір кездесуде қалжыңдап айтқан еді. Алланың қалауымен, бұйырған күні бола жатар үйлену тойым.
Казахстантемиржолшысы
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...