Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Сенім үдесінен табылуда
1091 / 22.04.2016 13:38

Сенім үдесінен табылуда

Бүгінде Семей локомотив пайдалану депосы өндірістегі үнемділік бойынша тың табыстарға қол жеткізіп келеді. Оған локомотив бригадаларын ұйымдастыру ісіндегі тиімділік, ауыр салмақтағы пойыздарды сапарға шығару һәм жаңа технология игіліктеріне арқа сүйеу себеп болуда. Депо директоры, «Құрметті теміржолшы» Дәулет Ыдырысов мекеменің бүгінгі таңдағы жетістіктерімен бөліседі.

– Қазіргі күні Семей локомотив пайдалану депосында 186 машинист, 189 машинист көмекшісі еңбек етеді. Ал жалпы деподағы еңбеккерлер саны 500-ден асады. Бәлкім мекемеміздің абыройы деуге болар, бізден «Құрметті теміржолшы» атағын иеленген сала мамандары өте көп шыққан. Сондай-ақ, қызметкерлер құрамының басым көпшілігінің біліктілігі жоғары. Техникалық дәрістерді жиі әрі ұтымды өткізу кәсібилікті де шыңдай түсетіні белгілі. Бұл ретте түрлі шаралар, оның ішінде айлықтар ұйымдастырылып тұрады, – дейді білікті басшы.

Семейлік локомотившілер әлеуметтік-мәдени шаралардан да қалыс қалған емес. Әсіресе, Жеңіс күні мен 1 қазандағы қарттар күнін ұжым айрықша атап өтуді дәстүрге айналдырған. Бұл мекемеде ұзақ жылдар бойы еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан қарияларға деген құрмет белгісі. Қазіргі күні депо тізімінде 60 астам ардагер бар. Оларға түрлі мерекелерде дастархан жайылып, депо қызметкерлері өз өнерлерін салып, шағын концерттік бағдарлама ұйымдастыруда.

Дәулет Ыдырысов ұжымының әлеуметтік көмек көрсету ісіне де баса мән беретінін айтады. Бүгінде депо ұжымы қаладағы балалар үйі тәрбиеленушілерін қамқорлығына алған. Қамкөңіл балақайларды табиғат аясына шығарып, серуендетіп, түрлі танымдық ойындар ойнатып, уақыттарын тиімді өткізулеріне себепкер болуда. Бұдан бөлек, балалар үйіне депо атынан түрлі түсті теледидар, қажетті құрылғылар сыйға тарту еткен. Бұл үрдіс әрмен қарай жалғасын таппақ.

– Локомотив шаруашылығы бейқамдықты көтермейді. Жұмыс барысында мүлт кету үлкен шығын әкелуі мүмкін. Сондықтан түрлі айлықтар ұйымдастырылып, локомотив бригадаларының кәсібилігін шыңдау бағытында жұмыстар жүргізіледі. Бұл шаралар инженерлік-техникалық қызметкерлер үшін де маңызды. Басты мақсат – қозғалыс қауіпсіздігін сақтау, машинистер өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету. «Қозғалыс қауіпсіздігі бәрінен бұрын!» атты айлық аясында іргелі жұмыстар жүргізілді. Жұмыс барысында қауіпсіздікті сақтау үшін локомотив бригадаларына нұсқамалар өткізіледі. Сонымен қатар, өткен жылдың 12 қарашасынан ағымдағы жылдың 31 наурызына дейінгі аралықта «Бүйір рамасын бақылау» атты бес айлық күшейтілген режимде жұмыс жасадық. Міне, мұның барлығы техникалық және қызметтік қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуын талап етеді. Ал бұл шаралардың барлығы өңірлік ревизорлар тарапынан қадағаланады. Көрсеткіштерге тоқталар болсақ, өткен жылды жемісті қорытындыладық. Дәл қазіргі күнгі нәтиже де жаман емес. Осы мерзімге дейінгі межеленген міндеттемелердің барлығын да толығымен орындадық. Жолдың балдық деңгейінің жақсаруы ауыр салмақты пойыздарды сапарға шығаруға мүмкіндік беріп отыр. Ал бұл жайт өз кезегінде экономикалық көрсеткіштерді де еселейтіні белгілі. Жолаушылар мен сеніп тапсырылған жүктерді діттеген жерге мерзімінде әрі қауіпсіздікті сақтай отырып жеткізу бізге жүктелген басты міндет, – деп сөзін түйіндеді депо директоры. 

Поделиться:
Популярные новости
1745 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1491 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1353 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер