Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Білімді арттыру – уақыт талабы
1381 / 22.04.2016 13:30

Білімді арттыру – уақыт талабы

Атырау локомотив пайдалану депосының машинисі Бауыржан Қалдыбаев бірден темір тұлпарды тізгіндей қойған жоқ. Бірнеше жыл тәжірибе жинақтады. Әскери борышын өтеп келген жас маман алдымен тепловоз машинисі көмекшісі қызметін атқарды. Көп жылғы абыройлы еңбегінің өтеуіне «Құрметті теміржолшы» атағын алды. Бүгінде ол жас мамандарға бағыт-бағдар берген тәлімгер ұстаз.

Сексенінші жылдар алып саланың қарқынды дамуды бастан өткеріп, жаңа бағытта темір жол табандарының төселіп, теміржолшы мамандардың дайындалуына аса көңіл бөлінген уақыт болатын. Әрі темір жол ең тұрақты, қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы орасан зор әлеуетке ие сала болды. Сондықтан болар, мектептен соң жастар темір жол саласына ешбір насихатсыз-ақ оқып, ағылып жатты. Сол жастардың қатарындағы Бауыржан Қалдыбаев машинист болып тепловоздың тізгінін 1985 жылы ұстады. «Атырау – Ганюшкино – Құлсары» бағыттарында жүретін жолаушылар пойызын тізгіндеген ағамыз еңбек жолында әріптестері секілді жауапкершілікті жұмысты ыждағатты атқара білді. Машинистің міндеті пойызды уақытында діттеген жеріне жеткізіп, оның қауіпсіздігін тексеріп, қайтадан жол сапарға шығу болса, осы қызметтің бәрін де Бауыржан ағамыз аса жауапты, ұқыпты атқара білді. Жыл сайын оның есімі ұжым алдында аталып, сала мамандарына берілетін арнаулы дипломдар мен алғыс хаттар табыс етілді.

– Машинист болғанымды мақтан тұтамын. Еңбек жолын бірге бастаған жігіттердің бәрімен әлі күнге дейін қатар келе жатырмыз. Бәріміз бір үйдің балаларындай болып, жұмыстан тыс уақытта және өзара теміржолшылар арасында спартакиада өткенде футболды серік етеміз. Заман ағымына қарай бір-бірімізбен әлі күнге дейін тәжірибе алмасудамыз. Заманауи техникалардың қолданысқа берілуі, оны меңгерудегі ерекшеліктер бізден ізденіс, терең білім талап етеді. Оны игеру жолында қателікке ұрынбауымыз керек. Мені ойландыратыны, жастардың темір жол саласына келуден қашқақтауы. Айтатын уәждері, темір жол саласындағы аса ұқыптылық пен зор жауапкершілік жүгін арқалау оңай емес. Бірақ көз қорқақ, қол батыр деген бар. Талап пен талпыныс, еңбек пен білім ұштастыра отырып, барлық қиындықты жеңіп шығуға болады, – деп жастарға ақыл-кеңес береді жас машинистердің ұстазы Бауыржан Қалдыбаев. 

Поделиться:
Популярные новости
1716 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1471 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1342 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер