Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қарт машинисті құттықтады
1221 / 22.04.2016 13:27

Қарт машинисті құттықтады

Жиырма екі жыл еңбек жолын Жамбыл локомотив пайдалану депосына арнаған ҰОС ардагері, қарт машинист Николай Комаров 89 жасқа толды.

1927 жылдың 14 сәуірінде Қырғызстанның Талас ауданында дүниеге келген Николай 1943 жылы мектеп бітірген соң ФЗО-ға машинист көмекшісі курсына оқуға түседі. Алайда, алғашқы жылдары денсаулығы сыр беріп, ол ветеринария курсын бітіріп шығады. Сөйтіп, Таластағы №43-і ат зауытына жұмысқа тұрады. 1944 жылы әскер қатарына алынған жас жігіт танкіге қарсы атқыштар полкінің 41 запастағы дайындық курсында шыңдалып, 1945 жылы майданға аттанады. Ол генерал-полковник А.Кравченконың сарбаздарының қатарында жаумен алысады. Ұрыс даласындағы ерліктері үшін Н.Комаров «Германиядағы жеңісі үшін» медалімен және ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен марапатталады. 1951 жылы елге оралған жауынгер Алматы қаласындағы темір жол техникумына түсіп, оны бітіріп, Жамбыл локомотив пайдалану депосына поровоз машинисі қызметіне жолдамамен жіберіледі. Тепловоз тізігін ол 1961 жылы алып, көп жыл еңбек етіп, 1982 жылы зейнетке шығады. Бірақ, одан кейін алты жылдай депода қазандықта жұмыс істейді.

Қарт машинисті туған күнімен құттықтап, үйіне Жамбыл локомотив пайдалану депосының директоры Айғабыл Утеубаев, кәсіподақ комитетінің төрағасы Рымтай Жолдасбеков, ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқұл Өскенбаев және кадрлар бөлімінің басшысы Сәкен Имашев барды. Олар аға буын өкіліне сый-сияпаттар тарту етіп, тілектерін жеткізсе, өз кезегінде туған күн иесі де алғысын білдіріп, ақ батасын берді. 

Поделиться:
Популярные новости
1745 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1490 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1353 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер