Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1105 / 22.04.2016 13:25

Алғаш құрамды жүргізген

Локомотив шаруашылығында қырық жылға жуық тер төккен Тәшпен Амангелді санаулы айда зейнет демалысына шығады. Өткен жылы жаңа жол құрылысы бітіп, қозғалыс ашылғанда Шалқардан Бейнеу бағытына алғашқы пойыз құрамын алып бару құрметін иемденген таңдаулы машинист.

Өткен жылға дейін жолаушылар пойызын жүргізіп келген бірінші разрядты машинист зейнет демалысына аз уақыт қалғанда тепловоз тізгінін жастарға беріп, бүгінде жас буын машинистерге өмір бойы жиған-терген білімі мен тәжірибесін үйретуде.

– Депода 1976 жылдан бері еңбек етіп келемін. Машинист атаулының еңбек жолын жүріп өттім, бастапқыда машинист көмекшісі, кейін машинист болдым. Алғашқыда жүк пойызы құрамын тасымалдап келсек, кейін жолаушылар пойызын жүргіздім, – дейді Тәшпен Амангелді өткен өмірін екі ауыз сөзге сыйғызып. – Алғашында жаңа жолда сынақ сапарын жасадық. Ревизорлар жолды тексеріп көру үшін маған жылдамдықты арттыр, енді түсір деген нұсқау беріп отырды. Ұлттық компанияның вице-президенттерінің бірі де келіп, жаңа жол бойында қозғалыс қауіпсіздігін бақылады. Қазір жүк айналымы төмендеп кетті. Сондықтан «ҚТЖ» ҰК»АҚ транзиттік тасымал әлеуетін көтеруге басымдық беруде. Жезқазғаннан Бейнеуге темір жолдың тартылу себебі де осы. Бәсекелестік қызып тұрған мына заманда бұл дұрыс шешім. Пойыздардың үздіксіз қатынауы теміржолшылар үшін де тиімді. Сондықтан бізде өз тарапымыздан жұмыла еңбек етіп, жүк, жолаушы тасымалының өрісін кеңейтуге үлес қосатын боламыз.

Бүгінгі таңда Тәшпен ағайдың жұмысы жас машинистердің жанында. Күнделікті дәріс оқып, нұсқау беріп отырады. Техникалық дәрістер өткізіп қана қоймай, әлем бойынша, ел көлемінде локомотив саласында болып жатқан тың жайттарды ортаға салып, телеграммалармен таныстырып отырады. Тәшпен ағамыздың әкесі Әбдіжәми де машинист болып, заманында паровоз жүргізген екен.

Амандық болса, зейнет демалысына да шығатын уақыт таяп отыр. Таяуда екі әріптесі демалысқа кетіпті. Ұжым болып салтанатты жағдайда шапан жауып, сый-сыяпатпен шығарып салған.

– Машинист әкемнің қанымен берілген мамандық. Өмір қайта айналып келсе, тағы осы мамандықты таңдар едім. Жаңа темір жол бойында алғаш құрамды жүргізгенімді ерекше мақтан тұтамын. Жаңа жолдың салынғаны ел үшін де, өңір үшін де жақсы болды. Көп жастар жұмыс тапты. Бүгінде күндіз-түні пойыздар қатынап жатыр. Ертеңіміздің бұдан да жарқын болатынына сенім мол, – дейді тәлімгер машинист.

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер