Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат
2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жол...
Акция шеңберінде студенттер құрметті машинистермен және депо ардагерлерімен кездесіп, депо бойынша экскурция ұйымдастырылып, қазақстандық өндірісшілердің жаңа локомотив серияларымен таныстырылды.
Астаналық ардагерлер кеңесінің төрайымы Людмила Красноштанованың айтуынша, машинист үшін жұмыстағы ең маңыздысы – тәртіп пен жауапкершілік.
Людмила Павелқызы – астаналық деподағы аңыз адам. Ол бейбітшілік заманда машинистің көмекшісі болған бірден-бір әйел. Осы депода 42 жыл еңбек еткен ол еңбек жолын машинистің көмекшісі болып бастаған. Локомотив машинисі және машинистің көмекшісі болу өте ауыр және бұл зиянды категорияға жатады. Сондықтан да бұл мамандыққа қазір әйелдерді қабылдамайды.
– Сіздердің мамандықтарыңыз – сіздердің болашақтарыңыз. Депо мен үшін туған үйімдей болды. Мен осында өстім, болашақ жарымды жолықтырдым, өмірім қалыптасты. Сегіз жыл бұрын құрметті еңбек демалысына шықтым, дегенмен, депосыз өмір сүру мен үшін қиын болды. Бүгінде Ардагерлер кеңесін басқарамын және астаналық депо мұражайы жұмысына жауап беремін, – дейді Людмила Павелқызы.
Григорий Середенко тепловоз машинисі, машинист-инструктор болып қызмет істеп, пайдалану депосы бастығының орынбасары дәрежесіне дейін көтерілген.
– Темір жолға 16 жасымда келдім. Тепловозды алғаш рет көрген бала күнімде-ақ жақсы көріп қалдым да, машинист болуға өз-өзіме серт бердім. Өз сөзімде тұрдым. Теміржолшылар училищесін бітірдім, сосын – техникумды. Машинист мамандығы – нағыз ер-азаматтардың мамандығы. Бізде ереже өте қатал. Жұмыс өте маңызды. Бұл мамандық жалқаулықты, еріншектікті жаратпайды. Біз ауа райының кез келген жағдайында: аязда, боранда, суықта да, демалыс және мерекелік күндерде де жұмысқа шыға береміз, – дейді ол.
Құрметті теміржолшы Рашид Мұқатов жастарға темір жолда ереже мен нұсқауды сақтау қаншалықты маңызды екенін айтып берді. Ол ауырсалмақты пойызды басқарған алғашқы машинистердің бірі. Целиноград облыстық аудандық кеңес халық депутаты болған. Темір жолдың 100 жылдығына байланысты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен санаулы жанның бірі.
– Мен Целиноград депосының негізін қалаушы, Құрметті теміржолшы – әкем Мұхамеди мен локомотив шаруашылығында жұмыс істеген ағам Ақжанның жолымен жүрдім, – дейді Рашид Мұқатов.
Ол бұл салаға 1961 жылы темір жол техникумын бітірген соң жолдамамен келді. Алғашында Ерментау стансасында машинистің көмекшісі болды. Екі айдан соң отбасылық жағдайына байланысты Целиноград депосына ауысып, паравозда от жағушы, машинист көмекшісі, сосын тепловоз бен электровоз машинисі болды.
– Машинистің жұмысы өте қиын, қырағылықты, кәсібилік пен бірінші кезекте «үш алыптың» білімін: техникалық пайдалану ережесін, дабыл беру тәртібі мен байланыс және қозғалыстағы құрамды тоқтату жөніндегі ережені жақсы білу керек, – дейді ол.
Астаналық депоның оқыту жөніндегі машинист-инструкторы Петр Кириленконың ойынша, темір жолда ең маңыздысы – тәртіп.
– Машинист жүздеген жолаушы мен мыңдаған тонна жүкті тасиды. Мен жолаушы тасымалы жұмысына кіріскенімде депо директоры «Сен анаңды барар жеріне жеткізіп жатқаныңды елестетіп көр. Сенің жұмысың анаңды жеткізу ғана емес, оны жеткізе отырып анаңның ұялмай «Бізді жеткізген менің ұлым!» деп айтатындай бол» деген еді. Біз үнемі білімімізді жетілдіріп, оқып отырамыз. Депода тәртіп, мәдениет және денсаулық болуы үшін күн сайын техникалық сабақ жүргізіледі, – дейді ол.
Тепловоз машинисі Ринат Музипов – жылдамдықты сағатына 200 шақырымға жеткізген Қазақстандағы алғашқы машинист. Ол локомотивтің жаңа сериялары туралы қызыға әңгімелеп берді.
– Темір жолдың алдында қозғалыс жылдамдығын арттыру мақсаты тұр. Осы жолда мақсатты жұмыс жүргізіледі. Сынақтар өтеді. KZ сериялы жаңа локомотивті жүргізіп бейімдеу уақытында жылдамдықты сағатына 200 шақырымға жеткіздім. Қазір жүрдек жолаушылар тасымалы саласында жұмыс істеймін. Темір жол – темірдей тәртіп, – дейді ол.
Оның әріптесі Жаңабай Базарбаев – жастар үшін ұстаз-тәлімгер. Ол пойыз жүргізуді мақсат тұтқан жастарға өз білімін үнемі жетілдіріп отыруға кеңес береді.
Кездесуден соң студенттер қазақстандық локомотивтердің күш-қуатын бағалады. Техникалық колледждің «Локомотив машинисі» мамандығы бойынша үшінші курс студенті Дима Ковальчук бала күнінен локомотивті бағындыруды армандайды.
– Менің отбасымда бәрі теміржолшылар. Әжем мен атам, әке-шешем темір жолда жұмыс істеді. Темір жол бойында тұрамыз. Сондықтан мен өз өмірімді темір жолсыз елестете де алмаймын, – дейді ол.
Оның курстасы Алмас Қартаев та өз өмірін темір жолға арнағысы келеді, бірақ ол алдымен Отан алдындағы әскери борышын өтеп келуді азаматтық міндеті санайды.
– Бұл өте пайдалы және танымдық кездесу болды. Өте қызықты жайттарға қанықтық, жаңа локомотивтерді көрдік. Онымен жұмыс істеген жағымды әрі қызықты, – дейді ол.
Студенттер мен оқушыларға арналған осындай акциялар Қазақстанның барлық өңірінде өткізіледі. Оның шеңберінде локомотив депосына экскурция, жаңа локомотив серияларымен таныстыру, машинист-кәсіби мамандар мен депо ардагерлерлерінің жастармен кездесуі ұйымдастырылады. Бұл акция Жамбыл пайдалану депосында бастау алды. Қалыпқа түспеген жұмыс кестесімен, күрделі ауа райы жағдайында кез келген адам жұмыс істей алмайды. Машинист төтенше жағдай қалыптаса қалған кезде оңтайлы шешім қабылдауға да дайын болуға тиіс. Сондықтан машинист мамандығы темір жолда қашан да құрметті және жауапты мамандық болып қала береді.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...