Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1123 / 19.04.2016 14:26

Оң көрсеткіштер көкжиегінен көрінуде

Еліміздегі жолаушылар және жүк пойыздарына тартымдық қызмет түрін ұсынып отырған «Локомотив» АҚ-да тартымдық-жылжымалы құрамның техникалық жағдайын жақсарту бағытында ауқымды шаруа атқарылуда. Соның бірі, локомотив паркінің жаңалануы. Биылғы бастапқы үш айда 2 жолаушы және 1 жүк электровозы сатып алынса, жыл соңына дейін локомотив паркі тағы да 18 жүк және 2 жолаушы электровозымен толыспақ.

– Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету локомотившілердің де басты міндеті. Сондықтан ТЭ33А сериясындағы 101 магистральдық тепловоз электропневматикалық тежегішпен жабдықталып отыр. Аталған тепловоздар жолаушылар қозғалысында ТЭП33А сериясындағы жаңа жолаушылар тепловоздары тұрақты пайдалануға берілгенге дейін пайдаланылатын болады, – дейді «Локомотив» АҚ президенті Марат Шәкенов.

Аталған Қоғам «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорындары арасында отын-энергетикалық ресурстарды ең көп пайдаланатын тұтынушы санатынан. Соған қарамастан, Қоғам ұжымы отын-энергетикалық ресурстар шығынын төмендетуде көтеріңкі көрсеткіштер көкжиегін бағындырып отыр. Мысалы, дизель отынының үлестік шығыны межеден 3,4 пайызға төмендетіліп, сомасы 450,7 млн теңгені құрайтын 4193 тонна отынды үнемдеуге қол жеткізілсе, кәсіпорын еңбеккерлерінің қазіргі дағдарысқа қарсы жұмыла еңбек етуінің арқасында тасымалдау үдерісінің тиімділігін арттыру жоспары оңтайлы іске асып, соның нәтижесінде сомасы 4,5 миллиардқа жуық теңгені құрайтын 38853 тонна дизель отыны мен 21 млн 966 мың кВт/сағат электр энергиясы шығыны төмендетілген. Бұл жетістікке тартымдық қызмет ұсынушылар бірнеше жолмен келгендерін айтады. Сөзімізге дәйек ретінде, жылу тартымын алар болсақ, 863 тонна дизельдік отын үнемі, жүк пойызының орташа салмағы көрсеткішін 2,4 пайызға жақсарту, 620 тоннасын телімдік жылдамдық жоспарын 2,6 пайызға асыра орындау, 346 тоннаны пойыздардың кіре беріс, өте берістегі бағдаршамдардың тиым салған белгілерінде кідіру санын азайту есебінен орындалған. Әсіресе, локомотивткерге орнатылған «Энергодиспетчерлік тартым» АСУ жүйесінің тиімділігі мол. Оны пайдалану нәтижесінде, 1 млрд 750 млн 357 мың теңгенің 16283 тонна жанар-жағар майы, ал электр тартымында 242 млн 819 мың теңге сомасындағы 20 млн 208 мың кВт/сағ үнемделген. Локомотив паркінің жаңаланып, жаңғыртылуы да отын-энергетикалық ресурстар шығындарын төмендетуге мейлінше ықпал етуде. Айталық, жаңа сериядағы тепловоздарды тиімді пайдалану үнем көрсеткішін 18911 тоннаға дейін жақсартса, жаңа сериялы электровоздар Қоғам қазынасын 23 мың кВт/сағат үнем көрсеткішімен толықтырған.

Қазіргі кезде «Локомотив» АҚ-ның ел аймақтарындағы филиалдарында еңбек көрігі қызған. Өйткені, локомотив паркін жаз маусымында жұмыс істеуге дайындау үшін локомотив пайдалану деполары басшыларының жетекшілігімен 10 сәуірде көктемгі комиссиялық байқау басталған. Ол алдағы мамыр айының соңына дейін жалғаспақ. Дәстүрлі байқау барысында басты назар әдеттегідей жылжымалы құрамның техникалық, эстетикалық, өртке қарсы, санитарлық және мәдени жағдайы бойынша Техникалық пайдалану ережелері талаптарына сәйкес келуіне бөлініп, бағаланатын болады.

– Біз тасымалдау үдерісін жақсарту бағытындағы шараларымызды әрмен қарай жалғастыратын боламыз. Осы ретте, тасымалдау қауіпсіздігі деңгейін арттыру бірінші кезектегі мәселе болып қалмақ. Екіншіден, локомотивтер айналымы мен қызмет көрсету иінін оңтайландыру есебінен локомотив бригадалары мен локомотивтерді пайдалану көрсеткіштерін жақсарту көзделуде. Сонымен қатар ұзынқұрамды және ауырсалмақты пойыздар санын арттыру жоспарда бар. Мәселен, бірінші тоқсанда ауырсалмақты, яғни 7000 тонналық пойыздар тасымалы Тобыл – Достық телімінде қамтамасыз етілді. Екінші тоқсанда Тасымалдау үдерісі дирекциясымен бірлесе отырып, салмағы 9000 тонналық ауырсалмақты пойызды Екібастұз – Пресногорьковск телімінде жіберуді ұйымдастырмақпыз. Сондай-ақ, 2ТЭ10МК сериясындағы тепловоздардың жабдықтары мен жекелеген тораптарына күрделі жөндеу жүргізу барысында тәуліктік мөлшерлемеге түзету енгізе отырып, нақты жағдайы бойынша төлемақы жүргізу тәсіліне көшпек ойымыз бар, – деп түйіндеді сөзін Қоғам басшысы.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Поделиться:
Популярные новости
1740 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1487 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1351 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер