Мекен жайы Нұр-Сұлтан қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
Машинист  мәртебесі
506 / 19.04.2016 14:22

Машинист мәртебесі

Жаңаарқа локомотив пайдалану депосының машинисі Тілеужанов Жорғатай Жарық бекетінде дүниеге келгендіктен темір жолдың дүрсілін жөргегінде тыңдап өскен.

– Бала кезде бекеттің үстімен ары-бері зулап жататын пойыздармен жарысып жүгіреміз. Кейбірі біздің бекетке аялдап, жарқ-жұрқ еткен фуражка мен форма киген ағалар Жарықтағы демалыс бөлмесіне баратын. Біздерді олардың жүріс-тұрысы, қолдарындағы қобдишалары бәрі-бәрі қызықтыратын. Дүниедегі ең күшті адам – мынадай алып пойызды жүргізетін машинист, ең мәртебелі мамандық та машинист секілді көрінетін. Есейе келе машинист мамандығына деген сүйіспеншілік сол Жарықтағы бірталай баланы осы кәсіпті игеруге алып келді, – деп еске алады балалық шағын Жорғатай Әуесханұлы.

Мектеп бітіріп, азаматтық борышын өтеп келген соң Қарағанды қаласына барып машинист көмекшісі курсын оқиды. Ағадыр депосында машинист көмекшісі болып талай жыл тәжірибе жинайды. 1999 жылы Жаңаарқа локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисінің көмекшісі болып жұмысын әрі қарай жалғастырады. 2001 жылы сынақтан сүрінбей өтіп, машинист куәлігін алып, тепловоздың оң қанатына отырады. Міне, содан бері тірнектеп жиған тәжірибесінің арқасында 2 сыныпты машинист дәрежесіне жеткен Жорғатай Тілеужанов локомотив депосының көшін алға сүйреп келе жатқан майталманнның бірі. Ұжымда сыйлы. Талай жылғы ақ-адал еңбегінің нәтижесінде «Локомотив» АҚ президентінің Алғыс хаты мен Құрмет грамотасымен марапатталған. Бүгінде шәкірт тәрибелеп жүрген ұстаз.

– Машинист ең алдымен сақ тақырағы, өз ісіне ұқыпты да жауапты болуы керек. Содан кейін темірдей тәртіпке бағынуы тиіс. Сонда ғана темір жол саған бағынады, – деп бастайды әңгімесін қарамағына берілген әрбір көмекші машинистке осы кәсіптің әліппесін үйретерде. «Бос уақыт дейсіз бе? Жас алпысқа жақындағанда немен айналысу керек, әрине «аталап» алдыңнан жүгіріп шыққан немерелер бір минут та бос уақыт қалдырмайды саған, одан артық қандай демалыс керек?!» деп күледі өзі айтқандай ең күшті және мәртебелі мамандық иесі.

Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ 

Поделиться:
Популярные новости
628 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

484 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

401 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ

Серіктестер