Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1323 / 14.04.2016 10:50

Мамандығын мақтан еткендер

Өз мамандығын, өз кәсібін сүйген жастар ертең кәнігі, майталман маман болып қалыптасатынын уақыттың өзі көрсетіп отыр.

Әрине, бұл мақсатта табандылық, біліктілік, талапшылдық керек-ақ. Ал егер Сіз тепловоз немесе электровоз тізгінін ұстасаңыз, онда жауапкерлішіктің жүгі екі еселенетіні тағы бар. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ы «Локомотив» АҚ-ы филиалы – Жамбыл локомотив пайдалану депосында машинистер мен машинист көмекшісі кәсібін мақтан еткен жандардың еңбегін ұлықтауда да бірқатар жұмыстар қолға алынып отыр.

Тоқсан жылдық тарихы бар Жамбыл локомотив пайдалану депосында әр жылдары еңбек еткен азаматтардың өзіндік қолтаңбасы осы депо аумағында орналасқан «Жасампаз ерлік пен еңбек жолы» мұражайында сайрап жатыр десек артық айтқандық емес. Өйткені, депо қызметкерлері еңбек адамының қадірін жоғары бағалайды. Ал Ұлы Отан соғысы жылдары өлім мен өмірдің ортасында қан кешіп, майданға аттанған және сол отты жылдары темір жол арқылы ұрыс даласына керек-жарақты тасымалдаған ер жүрек теміржолшыларға арналып орнатылған ескерткіш жастардың жиі келіп, тағзым ететін орынға айналған. Депода еңбек еткен династия өкілдерімен және кәсібінің үздігі атанған машинистермен жүздесіп, пікірлесу жастардың өмірде қалыптасу жолына да даңғыл салары анық. Депо аумағында тұрған «Л» сериялы 3576 паравоздың 1954 жылы шығарылғанын ескерсек, осында келген жастар өткен ғасырдың ортасынан сыр шертіп тұрған тарихи ескерткішке де таңырқай қарайды. Тарих біздің өткеніміз, ал бүгінгі күн ертеңге тарих болып қалары тағы анық. Сондықтан, депо ұжымы облыс орталығында орналасқан мектеп оқушылары және арнаулы оқу орындарының студенттерімен жиі кездесіп тұрады. Атап айтқанда, Тараз қаласындағы №3 орта мектептің 9 «А» сынып оқушыларымен өткен кездесуде олар мұражайда болып, «Тәуелсіз Қазақстан», «Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері», «Спорттағы жетістіктер» бұрыштарынан көп мәліметтер алды. Сондай-ақ Тараз темір жол көлігі колледжінің «темір жол көлігін басқару және жүк тасымалын ұйымдастыру» мамандығында білім алып жүрген, өздерінің болашақ өмірлерін болат жолмен байланыстырғысы келген 1 курс 15-01 тобының студенттері де сала мамадарымен кездесіп тұрады.

- Бізде қонақта болған Тараз қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы №17 мектептің 8 сынып оқушыларын депо тарихы, осында еңбек еткен династиялардың өмірі, локомотившілердің өміршең дәстүрлері және локомотив машинисінің жұмыс орны қызықтырды. Біз мектеп оқушыларына толық мәліметтер бере отырып, олардың бойына отансүйгіштік, патриоттық қасиеттерді сіңіруге тырыстық. Сондай-ақ, машинист-нұсқаушы Нұрболат Нұрсейітов жастарға ТЭ-33А маркалы локомотив машинисінің кәсібін игерген мамандармен кездестеріп, локомотивті жүргізудің өзіндік амал-тәсілдерін көрсетіп, таныстырды. Әрине, болашақта теміржолшы боламын деген жастарға керек ақпараттарды да слайд-шоу арқылы таныстырып, көрсеттік. Біз еңбек адаманың, әсіресе өз кәсібін жан-тәнімен сүйген теміржолшылардың өміршеңдік қағидаларын жастардың бойына сіңіруді дәстүрге айналдырып отырмыз, - дейді «Локомотив» АҚ-ы филиалы – Жамбыл локомотив пайдалану депосының директоры Айғабыл Утеубаев.

Айқын-ақпарат
Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер