Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1329 / 12.04.2016 17:42

Машинист-нұсқаушылар Қазақстанда шығарылған жолаушылар электровозын жүргізуді меңгеруде

Қарағанды, Алматы, Шу, Жамбыл, Арыс станциясының жолаушылар қозғалысы локомотив пайдалану депосының және Ағадыр, Шымкент, Сарыағаш айналым депосының машинист-нұсқаушылары «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС өндіретін жаңа техникаларды меңгеруге арналған оқыту курстарынан өтті.

Курста KZ-4AT сериялы жаңа электровоздарды пайдалану ережелері мен ерекшеліктер оқытылды.

Оқыту «Локомотив» АҚ филиалы – «Астана локомотив пайдалану депосының» базасында жүргізілді.

«Темір жолға жаңа техникалар келісімен локомотив бригадаларына жаңа талаптар қойылады. Осы орайда, машинист-нұсқаушылардың біліктілігін арттыруға арналған оқу курстарын тұрақты өткізіп тұрамыз. Олар өз кезегінде алған білімдерін деподағы машинистерге үйретеді. Оқу барысында электровоздың құрылысы мен ерекшеліктері туралы айтып, оны пайдалануды үйретеміз. Сондай-ақ, тыңдаушыларға техникалық әдебиеттер таратылады»,- деді «Локомотив» АҚ пайдалану басқармасы бөлімінің басшысы Серік Әбенов.

KZ-4AТ сериялы жолаушылар электровозының максималды жылдамдығы сағатына 200 шақырым.

KZ-4AT электровозы 1520 кеңістігінің климаттық жағдайына толық бейімделген. Жаңа буын локомотивтерінің талаптарына сай жасалға. Жоғары беріктік пен локомотив бригадалары үшін қолайлы жағдайлар қарастырылған. Оның қызмет көрсетудегі басты артықшылығы жоғары беріктігі мен үнемділігінде. Оған тиімді айнымалы тоқ жүйесі мен басқару жүйесі сеп болған. Электровоздың қызмет көрсету мерзімі – 40 жыл.

Қазіргі уақытта бұл электровоздар Астана – Көкшетау, Астана – Павлодар, Жаңа-Есіл – Астана – Павлодар учаскілерінде пайдалануға берілді. Алдағы уақытта Астана – Шу, Арыс-Алматы учаскілерінде іске қосу жоспарланып отыр.

Поделиться:
Популярные новости
2361 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күн...

2093 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлер�...

1938 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің бал�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер