Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1051 / 25.03.2016 13:53

Теміржолшылар – Мәжіліс депутаты

Кеше Елбасының төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы өтіп, онда ҚР Парламенті Мәжілісі VІ шақырылымы депутаттығына аталған партия атынан сайланған отандастарымыздың тізімі бекітілді.

Енді халық қалаулылары ретінде жоғары мінберден теміржолшы қауым сөзі мен мұң-тілегін екі тұлға сөйлеп, қорғамақ. Олар осыған дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті қызметінде істеген көлік саласының білікті маманы Роман Скляр мен Қызылорда локомотив пайдалану депосының машинист көмекшісі дәрежесінде тер төккен қарапайым еңбек адамы Геннадий Шиповских болып отыр. Генадий мемлекеттік тілді еркін меңгерген, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қабырғасында ұйымдастырылған «Қазақша сөйлейік» байқауының бас жүлде иегері. Өзінің әңгімелеуінше, негізінен балалар үйінде өскенімен, 13 жасынан қазақ отбасы бауырына басқан. «Әкем Мұрат Насыров мені еркелетіп «Алтынбек» дейді. Бала жастан қазақы жерде өсіп, қазақ балабақшасына барып, мектепті де қазақша бітірдім. Сондықтан, қазақ тілі – менің екінші ана тілім. Барлық замандастарыма қайда жүрсек те, «қазақша сөйлейік» деп айтқым келеді» дегені есімізде.

Қазақстан Президенті сайлау үдерісін 1000-ға жуық байқаушылар мен әлемнің 51 елінен 150-ге тарта бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бақылағанын келтірді. Сайлау ашық, жария түрде өтіп, жоғары деңгейде ұйымдастырылды деп танылды. Жалпы алғанда, қазақстандықтар бірлігі мен тұтастығын, сондай-ақ ел дамуына үлес қосуға ұмтылысын паш етті. Мемлекет басшысы жаңа шақырылым депутаттары сенімді ақтауы тиіс екендігін, өйткені оларға Ұлт жоспарын тиімді жүзеге асырудың айрықша жауапкершілігі жүктелетінін ескертті.

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер