Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1096 / 15.03.2016 13:45

Ардагерді құттықтады

 Жамбыл локомотив пайдалану депосының директоры Айғабыл Утеубаев пен кәсіподақ комитетінің төрағасы Рымтай Жолдасбеков, депо ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтан Өскенбаев бастаған топ қарт машинист Владимир Степанчукты 91 жасқа толған туған күнімен құттықтап барды.

Әлі күнге дейін өзі тұрып-жүретін қария өмірлік серігі, әйелінің төсек тартып жатып қалғанына қынжылатыны болмаса, ешкімге зияным жоқ дейді. Әріптестерімен емін-жарқын әңгіме құрған қарт майдангер Владимир Иванович 1925 жылдың 15 ақпанында Қырғызстанның Фрунзе облысының Талас ауданында дүниеге келген екен. Соғысқа 1943 жылдың 18 мамырында шақырылып, 1944 жылы Ташкент қаласында сержанттар даярлайтын мектепті бітіріп шығады. Кейін Алматы қаласында жасақталған батальонда соғысқа аттанады. Владимир Степанчук Прибалтика, Литваны азат етуге қатысады. Бір ұрыста гаранат сынығы аяғына тиіп, қатты жараланады. 1950 жылдың 3 сәуірінде әскер қатарынан босап Қырымға келген соң Симферопол қаласындағы локомотив депосында поровоз машинисінің көмекшісі болады. Кейін жолдамамен Сары-Шаған депосына жұмысқа жіберілген жас машинист Жамбыл депосына ауысқан соң 1980 жылы зейнетке шыққанша тапжылмай еңбек етеді. «Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі» ордені мен «Германияны жеңгені үшін» және «Ерлігі үшін» медальдарының иегері Владимир Степанчук қалын сұрай келген депо басшыларына алғысын айтып, ақ батасын берді. 

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер