Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1215 / 15.03.2016 13:13

Бүгінгі күннің қаһармандары

Тағы бір локомотив бригадасы ерлік жасады. Ел шығысындағы Защита локомотив пайдалану депосының жолаушылар пойызын жүргізіп келе жатқан локомотив бригадасы шұғыл әрекет ету нәтижесінде рельс бойымен келе жатқан «Nissan Patrol» автокөлігімен соқтығысудың алдын алды.

Оқиға үстіміздегі жылдың 12 наурызы күні орын алыпты. ТЭ33А сериясындағы №0224 тепловозының оң қанатында отырған Сергей Паршенников пен оның қасындағы машинист көмекшісі Сергей Гридунов «Лениногорск – Астана» бағытындағы жолаушылар пойызын жүргізіп келе жатқан-ды. Лениногорск – Защита телімі бойымен келе жатқан пойыз Тишинская станциясына кіре берісте, бір уақытта ескерту дабылын берумен қатар шұғыл тежегішті басуға мәжбүр болған. Себебі, жылжып келе жатқан пойыздың жолымен, темір жол аралығымен... «Nissan Patrol» автокөлігі жүріп бара жатқан еді...

Защиталық машинист Сергей Паршенников 12 наурыз күні, түнгі сағат 23.45-те болған сол бір оқиғаны әлі күнге таңданыспен еске алады. Деполықтар мұндайды бұрын соңды көрмеген екен.

– Біз көмекшім Сергей Гридуновпен бірге Лениногорск станциясынан шығып Защитаға қарай келе жаттық, – деп еске алады Сергей Паршенников. – Тишинская станциясына жақындай бере, бағыттағыш бұрмаға жақын жолда автокөлікті байқадық. Жақын жерде ешқандай өтпе жол жоқ еді. Сондықтан бұл арада жол үстінде автокөліктің жүргені күдік тудырды. Жолда «бөгде заттың» бар екені туралы бізге станция кезекшісі мен бағыттауыш қосынының кезекшісі де хабарлады. Атап өтерлігі, бұл шағын станцияда стрелкалар орталықтандырылмаған, сол себепті пойыз келе жатқанда кезекші бізді шығып қарсы алатын. Ал автомашина оның қасынан табылған ғой.

Хабарды алысымен машинист шұғыл тежегіш басып, уақытылы сауатты әрекет еткеннің арқасында «Эволюшн» тепловозы машинаға 200 метр жерге машинаға жетпей тоқтады. Кейін белгілі болғандай, егде жастағы «Nissan Patrol» жүргізушісі «ащы суды» сіміріп алса керек. Ол оқиға болған орнынан көлігін тастап қашып кетіпті. Сондықтан темір жолдан көлікті жол дистанциясы мен вагон пайдалану депосының еңбеккерлері өз күштерімен шығарып алған. Қазір болған жағдай анықталуда. Абырой болғанда, пойыз бар болғаны 8 минутқа кідірісте болып, қозғалыс кестесі бұзылмаған.

– Көлік жүргізушісінің бұл іс-әрекеті ақылға қонымсыз. Әрине, оқиға орнынан ол қашып құтылғанмен, заңнан қашып құтылмасы анық. Пойыз қозғалысына қауіп-қатер төндірген бұл оқиғаның соңы жақсы аяқталғанына өте қуаныштымын, – дейді Сергей Прашенников.

Ал қос Сергей Защита локомотив пайдалану депосының ұжымы аузында. Әсіресе, Сергей Паршенниковтың тосын жағдайда шұғыл шешім қабылдап, әбжіл қимылдағанын әріптестері ерекше мақтан тұтып, аңыз қып айтуда. «Бұл Сережаның қырағылығы мен білім-біліктілігі, сауаттылығының нәтижесі» деседі олар. Расымен Сергей Паршенников өз ісінің шебері деп ауыз толтырып айтарлық тәжірибелі теміржолшы. Оның темір жолдағы еңбек өтілі биыл толық он бес жылды құрайды. Ол теміржолшы кәсібі анасының сүтімен берілгенін айтады. Сергейдің анасы қырық жыл табан аудармастан Шығыс Қазақстан жол бөлімшесінде еңбек етіп, соңғы жылдары локомотивтер пайдалану сектеорының бастығы қызметінде зейнеткерлікке шығыпты. Ал бүгінгі күннің қаһарманы Сергей Паршенниковтың өзімен аттас Сергей Гридуновпен бір жұпта жұмыс істеп жатқанына биыл үшінші жыл екен.

Анау-мынау емес жолаушылар пойызын апаттан аман сақтап алып қалған защиталық локомотив бригадасының бұл ерлікке пара пар әрекеттері бүгінде республикамыздың түкпір-түкпіріндегі теміржолшы қауымына тарап та кетті. Қалай десек те, қос Сергейдің бұл іс-әрекеттері мақтауға да тұрарлық, үлгі-өнеге етуге де лайық.

Ольга Ушакова, Өскемен

Сұлугүл БАКЕСОВА

Поделиться:
Популярные новости
1754 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1500 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер