Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Таспа талдау шебері
1555 / 04.03.2016 00:00

Таспа талдау шебері

Маңғыстау локомотив пайдалану депосында еңбек ететін Алма Ғимранқызы ата-анасының сегіз жыл, аңсап күткен қуанышы екен. Ол дүниеге келгенде қатты қуанған әкесі қыз бала демей, ұлан асыр той жасап, атын өзі қойыпты. Өзінен сегіз жас үлкен, ағасы қарындасын көзінің қарашығындай көріп, көтеріп жүріп өсіріпті.

Алма мектеп бтірген соң Ақтөбенің байланыс техникумын бітіреді. 1983 жылдан бастап Атырау қаласына алдымен тәжірибеден өтуге келіп, кейін «Главпочтампта» оператор болып еңбек жолын бастайды. Сол қалада темір жол станциясының желілік ішкі істер бөлімінде қызмет ететін сержант, бүгінде өмірлік жолдасы Бейімбет Ниязовпен танысып, 1985 жылы екі жас шаңырақ көтеріп, отбасын құрады. Жас отбасыда бірінен соң бірі Армангүл мен Әсемгүл есімді қыздары дүниеге келіп, біраз уақыт жас ана бар махаббатын балаларына арнап, үйде отырады. 1988 жылы жас отбасы жолдасының жұмыс бабымен Қандыағаш станциясына қоныс аударады. Алма Ниязова сол жылдары, Ақтөбедегі теміржолшылар дайындайтын жоғары оқу орнына түсіп, теміржолшы мамандығымен алады.

— Жолдасым темір жол саласында қызмет ететіндіктен, менің де осы салаға икемделгенімді, бір салада жұмыс жасағанымызды қалады. Сөйтіп, 1989 жылы Қандыағаш станциясына алдымен пойыз қабылдаушы болып бастап, сосын локомотив депосына ауыстым. Ол жерде таспа талдаушы болдым. 1997 жылы күйеуімді жұмыс бабымен Маңғыстауға аударды. Ол Маңғыстау темір жолындағы ЛОВД-ның қылмыстық полиция басшысы қызметіне ауысқан соң, жанұямызбен Маңғыстауға көшіп келдік, содан бері осындамыз, — дейді Алма Ғимранқызы өмірбаянын екі ауыз сөзге сыйғызып.

2002 жылы Маңғыстау локомотив депосында таспа талдау технигі болып жұмысын бастаған Алма Ниязова күні бүгінге дейін абыройлы еңбек етіп келеді. Өзінің біліктілігі мен білімін тынбай жетілдіруінің арқасында бірінші дәрежелі жылдамдық өлшеуіш ленталарын талдаушы, аға инженер лауазымын атқарып жүр.

Алма Ғимранқызы жылдамдық өлшеуіш ленталарымен жұмыс істеудің ережесін бес саусағындай жатқа біледі. Кәнігі маман таспа тексерудің өте ықтияттылықты, ыждаһаттылықты талап ететінін, таспадағы жазбалар кез келген машинистің локомотивті қалай жүргізе білетінін көрсететін паспорты екенін айтады.

— Локомативтің оң жақ бұрышында жылдамдық өлшегіш құрал орналасады. Сол құралға әрбір машинист локомотивті қабылдап алғаннан соң жеті, не сегіз жазба салады. Ол жазбалар тепловоз жүгізушісінің бағдаршамға қандай жылдамықпен тоқтауы, қандай уақытта келуі, қалай тежегішті басқанын көрсетеді. Таспа лентасы жылдамдық өлшегіш құралдың барабанына салынады. Нормативтік құжаттарға байланысты сапарға шығатын әрбір машинист белгіленген тәртіппен жылдамдық лентасын салу міндеттелген. Ол салынбай локомотив орнынан қозғалмайды. Жылдамдық таспасына пойызды жүргізу тәртібінің негізгі параметрлері тіркеліп жазылады, ол өте маңызды құжат, — дейді тәжірибелі маман жұмысының қыр-сырымен бөлісіп.

Лента арқылы кез келген машинистің қай жерде қалай жүріп-тұрғанын, қай бекет, станцияда қандай жылдамдықпен жүргенін, оқыс тежеулер жасағанын, тежегіш басқан уақыттарын анықтауға болады. Ол таспаны тексеру үшін сауаттылық, қырағылық аса қажет етеді. Арнайы нұсқаулықтарға сәйкес, шаблон арқылы талданатын таспа лентасы ұқыптылықпен ашылып, ұқыптылықпен сақталады.

— Машинисті қаралап та, ақтап та алатын сол жылдамдық таспасы болып табылады. Сондықтан біз таспа лентасының ашылуына да үлкен мән береміз. Оған бөтен ештеңе тигізбей ашып, тек қара қарындаш пен шаблонды ғана пайдалана отырып талдаймыз. Машинист қандай қателік жіберді, нені дұрыс жасамады бәрін талдап, сонан соң оған анықтама жазып, тиісті орындарға береміз, — дейді Алма Ғимранқызы.

Шебер маман Алма апай өзінің қарамағында жұмыс жасайтын алты таспа талдаушы қыздардың ұстазы десек болады. Жанында отыратын Қарақұлова Балсия мен Әбілхайырова Камила, Өзен айналым депосындағы Досбосынова Арзу, Бейнеу айналым депосындағы Қыстаубаева Гүлжамила, Аққұлова Нұрбану, Жұмаханова Ұлжан сынды таспа талдау инженерлері Алма апайдың тәрбиелеп, жетілдірген шәкірттері.

2015 жылы Алма Ғимранқызы «Локомотив» АҚ президенті М.Шәкеновтің «Алғыс хатымен» марапатталды. Көп жылдар желілік ішкі істер бөлімінде басшылық қызметте жасаған жолдасы Бейімбет Ниязов қазіргі таңда зейнеттегі полковник. «Менің бағыма қарай ең жақсы адам өмірлік жолдасым болды. Ол қыздарына әрдайым қамқоршы, жарына мейірімді, жұмысында үздік, дос-жаранға сүйікті болды», дейді Алма апай, жарына деген ризашылығын жасырмай.

Анаргүл Жексембайқызы
Маңғыстау

Поделиться:
Популярные новости
1981 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1714 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1565 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер