ҚТЖ әлеуметтік маңызды жүктерді үздіксіз тасымалдау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС және ...
«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ –ның ТЭП33А сериялы екі жаңа тепловоздары Алматы локомотив пайдалану депосының паркіне тәжірибелік сынақ ретінде берілді.
Қазіргі кезде локомотивтер Алматы-Ақтоғай бағдарында сынақтан өткізілуде. Олар №301,302,351,352 жолаушылар пойыздарын тартады. Тепловоздар қозғалыс қауіпсіздігі, экологиялық жағынан қазіргі заманғы талапқа сай. Машина кабинасы эргономикалық және эстетикалық жағынан да көркем. Машинистің қызметіндегі жеңілдету мақсатымен қауіпсіздік, авто жүргізу жүйесімен қамтылған.
«Локомотив құрастыру зауытындағы» «Локомотив» АҚ президентінің өкілі Орынбек Есқазиевтің айтуынша, жаңа тепловоздар 1520 жол табанды темір жол желісіндегі жолаушылары пойыздарын сүйрейді.
«Бұл тепловоздар электрлі берілгіш құралдарымен жабдықталған. Асинхронды тартым күшті двигател қозғалтышы сағатына 160 шақырымды игереді. Тепловоздың пайдаланылу мерзімі -40 жыл»,-дейді зауыт өкілі.
Алматы депосының локомотив бригадасы жаңа техниканы алғашқылардың бірі болып бағалауда. Нұсқаушы машинист Берік Аманбаевтың айтуынша, соңғы үлгідегі техника локомотив бригадасы мүшелеріне ұнады.
«Біз «Москвич» машинасынан «Мереседеске» отырғандай әсер алдық» деседі олар.
Аталмыш тепловозды меңгеру үшін машинистер арнайы біліктілігін жетілдірді.
Жылжымалы құрамды жаңалап отыру «Локомотив» АҚ-ның стратегиялық тапсырмасының бірі болып саналады. Бұл жұмыс жоспарлы түрде атқарылып келеді.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күн...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлер...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің бал...