ҚТЖ әлеуметтік маңызды жүктерді үздіксіз тасымалдау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС және ...
«Локомотив» АҚ қызметкерлері тарапынан өткен жылы 83 рационализаторлық ұсыныс жасалған.
Бұл көрсеткіш алдыңғы жылға қарағанда 9 рацұсынысқа артық. Осы ретте, рационализаторлық қызметте мейлінше белсенділік танытып отырған қызметкерлер қатарында Жаңаесіл, Семей, Аягөз, Маңғыстау, Жаңаарқа, Балқаш, Түркістан, Қызылорда және Илецк локомотив пайдалану деполарының еңбеккерлерін ерек атар едік.
Рационализаторлық ұсыныстардың басым бөлігі қозғалыс қауіпсіздігі, технологиялық үдерістер, экология, отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу, құрылғылар сенімділігі мен тартымдық құрам құрылымын жақсартып, жетілдіруге негізделген.
Рацұсыныстар мәселесімен айналысатын «Локомотив» АҚ сарапшысы Нұрлан Каушевтің айтуынша, Алматы локомотив пайдалану депосы тарапынан ұсынылған ноу-хау, ТЭ33А сериясындағы тепловоздардың отын багын 9000 литрге дейін кеңейтіп дайындау бойынша рационализаторлық ұсынысты тираждау есебінен соңғы жылдары анағұрлым экономикалық тиімділікке қол жеткізілген. Бұл жаңашылдықты Балқаш, Семей, Қарағанды, Жаңаарқа деполары енгізген болатын. Ертеректе осы модельдегі тепловоздардың отын бактері 6500 литр көлемін құраған-ды. «Локомотив» АҚ мамандары әзірлеген осы жоба 2012 жылы «ҚТЖ» ҰК»АҚ жүргізген байқауда «Жылдың үздік техникалық шешімі» номинациясында бірінші орынды жеңіп алып, кәсіпорынға 168 миллионнан астам теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді.
«Мамандар қарапайым және тиімді шешім таба білді, отын багының алқымына саңылаусыз құю муфталарын орнату есебінен дизельдік отынмен жабдықтау көлемін алқымнан жоғары деңгейге, яғни 9000 отынға дейін жеткізді», – дейді Н.Каушев.
Осы өнертапқыштық ой-ұсынысты енгізу нәтижесінде, локомотивтердің айналым уақыты қысқарып, телімдік жылдамдық артса, станциялар мен деполық жолдарда технологиялық аялдау уақыты мейлінше қысқарған.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күн...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлер...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің бал...