ҚТЖ әлеуметтік маңызды жүктерді үздіксіз тасымалдау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС және ...
Жамбыл бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандары Жамбыл локомотив пайдалану депосының жұмысшыларымен «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Оған барлығы 46 адам қатысып, адам өміріне қауіпті ауру жайлы ақпаратқа қанықты. Семинарда сөйлеген басқарманың бас маманы С.Қожанбекова науқастың алғашқы белгілері, алғаш ауырған кезде қандай медициналық шаралар қабылдау және көрсету керектігі жайлы пайдалы кеңестер айтып, көпшіліктің түрлі сауалдарына жауап берді. Семинар барысында аурудың алдын алса, одан құлантаза айығып, ерте кезде құтылуға болатындығына баса назар аударылды.
Бірақ, дәрігерлердің айтуынша, көп ретте жұртшылық оған мән бермей, уақыттарын өткізіп алады да, көп уақыт емделуге тура келеді.
Міне, осы жайлардың барлығы аталмыш семинарда толықтай айтылып, көпшілік талқысына салынды. Локомотившілер мұндай маңызды семинарды ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күн...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлер...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің бал...