Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1146 / 26.01.2016 12:17

Сын сағатта сыналғандар

Темір жол бойында болуы ықтимал төтенше жағдайдың алдын алған Астана локомотив пайдалану депосының локомотив бригадасы мүшелері Марат Саттыбаев пен Дәурен Рахимжанов «Локомотив» АҚ президенті атынан Алғыс хатпен және 30 АЕК мөлшерінде сыйақымен марапатталды.

Астана локомотив пайдалану депосының директоры Мақсұт Ибраев, марапатты тапсыру барысында, машинист Марат Саттыбаев пен машинист көмекшісі Дәурен Рахимжановтың қырағылығы мен шапшаңдығының арқасында болуы ықтимал үлкен апаттың алды алынғанын атап өтті.

– Локомотив бригадасы локомотивтен кейінгі бірінші вагонның ақаулы екенін байқап, дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, дұрыс әрекет ете білген. Міне, жол үстінде қырағылық танытып, қызметін абыроймен орындаған машинист пен машинист көмекшісінің осындайда дұрыс шешім қабылдауына қозғалыс қауіпсіздігі тікелей тәуелді, – деді астаналық депо басшысы.

Бұл оқиға 2015 жылдың 17-ші желтоқсанында, таңғы сағат 4-те орын алыпты. Атбасар – Адыр аралығында келе жатқан пойыздың локомотив бригадасы пойыз басындағы бірінші вагонның шоқырақтауын (галопирование) байқайды. Осы кезде машинист сағатына 40 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен жүруге шешім қабылдайды. Ирченко станциясына келісімен вагонның ағытып алынуы жүргізілді. Ал әрмен қарай локомотив бригадасы Астанаға дейін ескерту жасамай, жүріп келді.

– Сол күні ұйытқып соққан ызғар жел мен қарлы боран болды. Соған қарамастан, ақауды анықтай алдық. Осы сияқты ақау түрлерін және өзге де түйткілді мәселелерді біз депода өтетін техникалық сабақтарда қарастырып тұрамыз. Маған келген бірінші ой, қайткен күнде де вагонның жолдан шығып кетуіне жол бермеу, себебі, бұл вагонның соңынан құрамның 73 вагоны тіркелген ғой. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» демекші, бір вагонның кесірінен барлық вагон жолдан шыққанда, қып-қызыл шығын келер еді. Байланыс желісі мен темір жол төсеміне зақым келіп, сондай-ақ, аталған телімде жүк және жолаушылар қозғалысын тоқтатуға мәжбүрлік туындар еді, – дейді Марат Саттыбаев.

Кейіпкеріміздің темір жолда жұмыс істеп жатқанына жеті жылдай болыпты. Кәсіби техникалық училищиде машинист көмекшісіне оқыпты. Кейін әскерде болып, одан оралған соң құқық қорғау органдарында жұмыс істеген екен. Алайда, темір жолға деген «махаббаты» оны осында алып келіпті. Машинист көмекшісі болып еңбек жолын бастаған оның темір тұлпарды тізгіндегеніне екі жыл болыпты. Машинист қызметіндегі тәжірибесінің аздығына қарамастан Марат әріптестеріне үлгі-өнеге боларлық іс-әрекетімен танылып отыр. «Ең бастысы өз қызметіңе байсалды қарап, адал болу. Үнемі біліміңді жетілдіріп, салауатты өмір салтын ұстансаң нұр үстіне нұр» дейді кейіпкеріміз. Марат қолы боста ұлттық спорт ойыны – көкпарға қатысқанды жаны сүйеді екен. Теледидардан сүйіп көретін бағдарламасы да осы көкпар. Жұбайымен үш бала тәрбиелеуде.

Ал машинист көмекшісі Дәрен Рахимжановқа келсек, оның депода тер төгіп жатқанына төрт жыл. Ол да спортты жанына серік еткен азамат. Оның бүгінгі таңдағы басты арманы – локомотивтің оң қанатына отырып, пойыз жүргізу. Марат сияқты білімін біліктілігімен ұштастырған ұстазынан тәлім алған Дәуреннің де күндердің күнінде жақсы машинист болатынына сенім мол. 

Поделиться:
Популярные новости
1758 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1503 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1363 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер