Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1009 / 10.12.2015 10:15

Жылдың жас машинисі анықталды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ VІ республикалық жастар форумы аясында шымылдығын түрген «Жас кәсіби маман» байқауының биылғы «Жылдың жас машинисі» аталымында маңғыстаулық машинист Фархад Жұманиязов үздік шықты.

Осылайша Маңғыстаулық локомотив пайдалану депосының еңбеккері темір жолдағы өскелең ұрпақ өкілдері арасында жарыс көрігін қыздырған өздігінше бір аламанда жеңіс тұғырынан көрінді.

«Локомотив» АҚ президенті Марат Шәкеновтің қолынан құнды марапатты, яғни диплом мен арнайы мүсіншені және естелік сыйлықты иеленген білікті маманның салада еңбек етіп жатқанына 7 жылға жуықтапты. Маңғыстау темір колледжін бітірген бетте, машинист көмекшісі ретінде жауапты жұмысқа тұрған. Қазір жүк пойыздарын тартымға алатын темір тұлпарды тізгіндеп, тасымал тасқынына өз үлесін қосуда. Ал бұл қадамды негізі ол балалық шақтан қиялына қанат бітірген ақ арманының арқасында жасаған екен. Жалынды жастың балдәурен балалық шағы Маңғышлақ бекетінде өткен.

Бүгінде Фархад кәсіби шеберлігін үздіксіз шыңдап, өндірісті өмір мен әр сапар алдындағы тынығу шараларын лайықты үйлестіруде екенін әңгімелейді. Зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстап, салауатты өмір салтын насихаттаушы жандардың қатарында.

– «2015 жылдың жас машинисі» атағы мен үшін зор құрмет, аз ғана төккен терімнің жоғары деңгейде бағаланғаны деп білемін. Еңбек жолын машинист мамандығынан бастаған «Локомотив» компаниясының бірінші басшылары баршамызға озық үлгі екені даусыз. Әрі қарай да биік белестерді бағындыруға күш салатыным анық, – дейді әріптестерінің ортасында беделді де сыйлы кейіпкеріміз нық сенімді дауыспен.

Ағымдағы жылғы бәсірелі бәйгенің ерекшелігі сонда, әуе, автожол сынды еліміздің көліктік-логистикалық жүйесіне кіретін тармақтардағы ұл-қыздар да бағын сынады. Игілікті істің көздеген басты мақсаты қызметінде жақсы қырынан танылған жас еңбеккерлерді анықтау және отандық-халықаралық бәсекелестік нарықта әрекет етуге қабілетті, көкжиегі кең әрі әлеуметтік жауапкершілігі дамыған темір жол көлігінің болашақ қорын қалыптастыру болып табылады. Байқауға Ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес кәсіпорындарында істейтін 17-30 жас аралығындағы жігерлі де талапты азаматтар қатысты.

Қолдағы мәліметке сүйенсек, сайыпқырандар сайысы адал еңбегімен көзге түскен, қауіпсіздік мәселесі мен еңбек қорғауға жіті көңіл бөлетін, темір жол тірлігінің тиімділігін арттыруға тырысатын, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді атсалысудағы және де әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға жанашыр, қаржылық-экономикалық көрсеткіштердің жақсаруына мүдделі, өзге де жемісті жұмысын мақтан тұтатын жас теміржолшыларды ынталандыруға бағытталған.

Алдаберген КЕМПІРБАЕВ

Суретті түсірген Әділбек ТӘУЕКЕЛ

Поделиться:
Популярные новости
1758 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1503 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1363 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер