Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1240 / 08.12.2015 14:12

Жеңіс тұғырынан көрінді

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Астанада тұңғыш рет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен шымылдығын түрген «Ұлы дала елі» тауар өндірушілер форумында «Қазақстан темір жолы» компаниясы мен «Локомотив» АҚ жеңіс тұғырынан көрінді.

Ұлттық компания онлайн дауыс беру нәтижесінде отандық өнімдерге Үздік тапсырыс беруші ретінде танылып, «Сатып алуларда жергілікті мазмұнды дамыту» аталымында жеңіске жетсе, саладағы іргелі шаруашылық – «Локомотив» АҚ тарапы «Отандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар жасасу» аталымында мерейі үстем болды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Бауыржан Орынбасаров пен «Локомотив» АҚ президенті Марат Шәкеновке ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, магистральдық желінің, жүк және жолаушылар тасымалының операторы қызметін атқаратын ҚТЖ Кентау трансформатор зауытымен тиісті құнды зат бойынша, «Локомотив» компаниясы «Хилл» кәсіпорнымен дизельдік майға қатысты біраз жылға созылатын жемісті ынтымақтастық орнату жайлы уағдаластықтарға отырды. Соңғысына анығырақ тоқталсақ, «HighIndustrial Lubricants&Liquids Corporation (HILL)» ЖШС ТЭ33А Evolution сериясындағы тепловоздарға GE компаниясы дизельдерін қою нәтижесінде SAE-40 үлгісіндегі дизель отынын құюға атсалыспақ. Аламан дода жеңімпаздары сатып алу үрдісін терең таразылау, сауалнама жүргізу, шарттарды мұқият орындау, өнімді жоспарлау, заң бұзуларға жол бермеу тәрізді қағидаларға сүйену арқылы айқындалған.

– Бұл елеулі оқиғаның көңіл-күйімізді көтеріп, жоғары дәрежеде соны серпін сыйлағаны даусыз. Біз де өзіміздің тауар өндірушілермен жұмысқа айрықша назар аударамыз. Әсіресе, қағаз жүзінд расталған тармақтарды уақтылы іске асыруға ерекше күш саламыз, – деп ой білдірді болат жолдағы тартым құралдарына тұтас дерлік басшылық етіп, темір тұлпарлардың қауіпсіз іс-қимылын қамтамасыз ететін «Локомотив» АҚ жетекшісі Марат Шәкенов.

Осы орайда, АОТ-ның 2008 жылы «Темір жол көлігін көп жылғы өркендетуге қосқан үлесі үшін» аталымында «Алтын тұлпар» ұлттық қоғамдық көліктік сыйлығына лайық деп танылғаны атап өтерлік жайт.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру ауқымында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясынан бастау алатын «Ұлы дала елі» бірыңғай қазақстандық брендін қалыптастыруды мақсат тұтқан салтанатты марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген Үкіметбасының орынбасары Бақытжан Сағынтаев «Самұрық-Қазына» қоры отандық тауар өндірушілермен қомақты қаржы сомасына шарттар бекіткенін мәлімдеді.

– Бұл жұмысты біз жыл басынан бері жүргізудеміз, яғни наурыздан бастап осы әрекеттерге белсенді түрде кірістік. Атап айтқанда, наурыздан қараша аралығында триллион теңгеге ілгерілеушілікті көрсеттік. Яғни, жыл басында «Самұрық-Қазына» желісі бойынша ұлттық компаниялармен ұзақ мерзімді келісімшарттар 3,3 трлн теңге көлемінде жоспарланған болса, біз бұл көрсеткішті 4,2 трлн теңгеге жеткіздік, – деді ол.

Сонымен, форум барысында отандық тауар өндірушілер мен тапсырыс берушілер арасында шамамен 10 млрд теңгеге 29 тындырымды шарт-меморандумға қол қойылып, форумды игі дәстүрге айналдыру жайы келісілді.

Сымбат МҮСІН

Суретті түсірген Әділбек ТӘУЕКЕЛ

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер