Желтоқсан айында биылғы астықтың кезекті миллионы жөнелтілді
27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты ...
Жем станциясына жолыңыз түссе, локомотив пайдалану депосының жанынан ашылған музейге бас сұқпай кетпеңіз. Себебі, өткен ғасырдан сыр шертетін сирек кездесетін құнды жәдігерлерді көріп, тамсанатыныңыз анық.
Мұнда не жоқ дейсіз?! Жиырмасыншы ғасырдың басында патшалық Ресей кезінде жасалған темір жол картасы тек осы жемде сақталыпты. Өткен бір жылдары іссапармен Астанадан келген темір жол басшыларының бірі қолқа салып, Астанаға алдырыпты. Бүгінде Ұлттық компанияға қарасты мұражайда тұр. Ал Жемде көшірмесі қалған.
Жем депосындағы музейді теміржолшылар не машинистер музейі деуге келмейді. Ауқымы кеңірек. Мұнда тек локомотив депосына қатысты дүниелер емес, халықтың тұрмысына қатысты, бүгінде ұлттық мұраға айналған құнды дүниелер де мол жинақталған. Соғысқа кетіп, оралмаған машинистерге арналған арнайы стенд бар. Сөрелерде машинистердің шарманкаларының да бірнеше түрі тұр. Темір шарманка, салмағы да ауыр, кейінгі түрлері сәл кішкене, ыңғайлы етіп жасалған. Кезінде жұмыстан қайтқанда, жұмысшыларға екі түйір көмір береді екен, жұмысшылар оны шарманкаға салып алады екен.
– Мына бұрыш Ембі локомотив депосында қазақтан шыққан тұңғыш паровозшы Зейнолла Алпановқа арналған. Оны айналасындағы адамдар Көккөз атап кеткен. Жем өзені үстінен өтетін көпір өртеніп, қайта қалпына келтірілген кезде онымен пойызды алып өтуге ешкімнің жүрегі дауламай, тек Зейнолла атамыз өзі сұранып, аман-есен жүріп өткен екен, – дейді бізді мұражай жәдігерлерімен таныстырып жүрген депо директорының орынбасары Бауыржан Құлбасанов қызықты тарихтан сыр шертіп. Тұңғыш машинист Зейнолла Алпановқа депо алдында да ескерткіш тұр. Көзіміз ағаштан иіп жасалған көне затқа түсті.
– Қайың діңінен жасалған, мықты, өмірі сынбайды. Иін ағаш. Менің әжемнің дүниесі болған, айтуынша кезінде мұнымен депоның кочегарлары шелектеп көмір тасыған екен, кейін әжем су тасуға пайдаланған, анық бір ғасырлық тарихы бар, – деп түсінік берді депо кәсіподағы ұйымының төрағасы Нұрлан Өтесейітов.
Асқар АҚТІЛЕУ, Жем
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...