Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1106 / 07.12.2015 18:06

Мақат машинистерімен мақтанады

Машинист деген мәртебелі мамандықтың абыройын асқақтатып, мерейін үстем еткен машинистер Руслан Қалиев пен Есенжан Молдабатыров тоғыз жолдың торабы тоғысқан Мақат станциясында тұрады.

Осы азаматтардың арқасында үлкен апаттың алды алынып, қыруар шығынның жолы кесілгенінен қазір Қазақстанның түкпір-түкпірінде темір тұлпарды тізгіндеген барлық машинистер мен машинист көмекшілері хабардар. Атырау аймағындағы үлкен тораптық станция арқылы үш бағытта: Мақат – Атырау, Мақат – Бейнеу, Мақат – Сағыз бағыттарында пойыздар қатынасы жүзеге асырылады. Қарашаның 27 жұлдызында, кешкі сағат 22.55 минутта, 2ТЭ10МК сериясындағы №0122/0065 тепловозының машинисі Руслан Қалиев пен машинист көмекшісі Есенжан Молдабатыров 79 вагоннан жасақталған №2907 пойызын жетекке алып, Құлсарыдан Мақатқа бағыт алады. Шоқпартоғай – №469 разъезд аралығында 33 км/сағат жылдамдықпен келе жатқан локомотив бригадасы 1264 шақырымның 8-ші пикетінен асқанда, жол үстінде жатқан бөгде нәрсені байқап қалған машинист шұғыл тежегішті іске қосады.

– Сол күні қалың тұман еді. Оның үстіне түн мезгілі болатын. Құдай қолдап, әйтеуір жол үстіне қойылған бөгде затты уақытылы байқап қалып, тежегішті іске қосып үлгердік. Тепловоздан түсіп қарасақ, 30-40 метр жерде рельске қалың сыммен байланған шпалдарды көріп, жағамызды ұстадық. Кім болса да, мұны қастықпен жасағаны анық. Мені алаңдататыны, осындай ақылға сыймайтын өрескел іске барғандардың мұндай «ойынның» соңы неге әкеліп соқтыратынына бас қатырмауы. Және де теміржолшы әріптестерімнің үйді-үйді аралап, мектеп, өзге де білім орындарының табалдырығын тоздырып, темір жол ойын алаңы емес екендігін айтып, қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға үгіт-насихат жүргізіп жүрген еңбектерінің ақталмай, зая кетіп жатқаны өкінішті-ақ, – деп күйзелісін білдірді машинист жігіт Руслан Қалиев.

Көмекші машинист Есенжан Молдабатыров оқиға орнынан дереу пойыз диспетчері мен станция кезекшісіне хабарлағандарын, осы келеңсіз оқиға салдарынан 1 сағат 28 минут кідірісте тұрғандарын айтады. Теміржолшы әулетінен шыққан Русланның машинист болып жұмыс істеп жатқанына биыл екінші жыл. Бұған дейін қызметтің төменгі сатыларынан өткен Руслан алып техниканы тізгіндеуді бала кезден армандапты. Оның ағасы Рауан да осы Мақат локомотив пайдалану депосында машинист. Ал екінші сыныпта оқитын ұлы Данияр әкесінің жолын қуып, болашақта тепловоз тізгінін алуды армандайды екен. Кім білсін, бала арманы ақиқатқа айналып, ол да бір күндері машинистер әулетінің ізін жалғастырар.

Қырағылығы мен біліктілігі келіскен қос азамат туралы машинист-нұсқаушы Медет Меңдіғалиев:

– Бұл жігіттер бұрыннан үздік бригада қатарында болатын. Сол дәрежелерін тағы да дәлелдеп отыр. Ауа райының қолайсыздығы мен қараңғылық зор шығынға әкелетін қауіп-қатердің алдын алуға кедергі бола алмады. Олардың бұл абыройлы ісі көпшілікке үлгі-өнеге боларлықтай. Әріптестерімнің атынан Руслан мен Есенжанға алғысымызды білдіріп, Мақат депосы осындай машинистерімен мақтанатынын жеткізгім келеді,– дейді.

Депо директоры Тілекбай Исағалиев локомотив бригадаларының заман талабына сай білім-біліктіліктерін жетілдіруге барлық жағдайдың жасалып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, қазір депоның локомотив паркі жаңартылып келеді екен. Оған 20-дан астам жаңа тепловоздың телім жолдарында қызмет көрсетіп жатқаны айқын дәлел. Депода бірінші сыныпты 13 машинист, екінші сыныпты 83, үшінші сыныпты 191 машинист еңбек көрігін қыздыруда. Бесінші буын техникасы атанған «Эволюшн» сериялы тепловоздардың қыр-сырын танып білуге, оқып үйренуге жылдың басынан бері 23 нұсқаушы-машинист пен тепловоз машинисі жіберіліп, даярлық курстарынан өтіпті. Нәтижесінде, олар аталған тепловозды жүргізу құқығын беретін куәліктер алып қайтқан. Қазір барлық тепловоз АСУ ЭДТ жүйесімен жабдықталыпты. Осы жүйе арқасында отын, жанар-жағармайды үнемдеуге мүмкіндік туып отырған көрінеді. Ең бастысы, депода Руслан Қалиев пен Есенжан Молдабатыров сынды өз жұмысына тиянақты, кәсібіне адал, сауатты, ұжым арасында беделді азаматтар қатарының көбейіп келе жатқаны. Осындай бетке ұстар азаматтары бар депода қозғалыс қауіпсіздігінің сақталып, сапалық және сандық көрсеткіштерінің де көтеріңкі боларына сенім мол.

Сұлугүл БАКЕСОВА,

Қосұйым МҰҚАШЕВ, Атырау 

Поделиться:
Популярные новости
1758 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1503 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1363 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер