Соңғы 5 жылда ұнтақ өнімдерін тиеудің тарихи рекордына қол жеткізілді
Ағымдағы жылдың 10 айында ұнтақ өнімдерін тасымалдау соңғы 5 жылдағы жылдық кө...
Локомотив бригадаларының бақылау сапарлары қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында, машинистер мен машинист көмекшісінің лауазымды міндеттерін атқаруды тексеруге бағытталған.
«Пойыз қозғалысының бекітілген кесте бойынша жүруі тексеріліп, локомотив бригадаларының құзыры анықталады, қозғалыс барысында туындауы мүмкін ақаулар сарапталып, құрамды жүргізудің тиімді тәсілі жасалады»,- деді «Локомотив» АҚ атқарушы директоры Нұрлан Көшербаев.
Н.Көшербаев бақылау сапарын Астана эксплуатациялық локомотив депосының локомотив бригадасымен жүргізді. Астанадан Көкшетауға бағытталған жүрдек пойызда машинист Андрей Фенин мен машинист көмекшісі Бағдат Әшірбеков болды.
Н.Көшербаевтың айтуы бойынша, «локомотив бригадасы нұсқаулықтарды толық сақтады. Алайда, кемшіліктер де жоқ емес. Оларға сараптама жүргізіп, шешімін табамыз»,-дейді.
«Локомотив бригадалары темір жолдың техникалық эксплуатация ережелерін білуге және орындауға міндетті, дабыл қаққыш нұсқауларын және қызметтеріне қатысты өзге де тапсырмалар мен бұйрықтарды бұлжытпай орындаулары тиіс. Олар тек қана локомотив бригадаларының қауіпсізідігі ғана емес, сондай-ақ, темір жол көлігінің қызметкерлері мен қозғалысқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді»,-деп санайды атқарушы директор.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...