Соңғы 5 жылда ұнтақ өнімдерін тиеудің тарихи рекордына қол жеткізілді
Ағымдағы жылдың 10 айында ұнтақ өнімдерін тасымалдау соңғы 5 жылдағы жылдық кө...
«ҚТЖ» ҰК»АҚ еншілес кәсіпорыны – «Локомотив» АҚ басшылығының бастамашылдығымен ел өңірлерінде локомотив пайдалану деполарының еңбеккерлері – машинистер мен машинист көмекшілері отбасыларының мүшелері, яғни жұбайлары, апа-әпкелерімен кездесулер өткізілуде. Бұл басқосулардың басты мақсаты, үнемі сапарда жүріп, жауапты қызмет тізгінін ұстаған локомотив бригадалары мүшелеріне үйлерінде дұрыс демалып, тынығуларына қолайлы жағдай жасап, сол арқылы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге отбаы мүшелерінің де өзіндік үлес қосатындарын насихаттап, жеткізу.
Ақтөбе
Ақтөбе локомотив пайдалану депосында локомотив бригадалары және олардың отбасыларының екінші мүшелерінің қатысуымен өткен жиынға ті. Оған «Локомотив» АҚ президентінің Батыс аймақ бойынша өкілі Айтбай Натиев пен депо директорының міндетін атқарушы Біржан Боранқұлов қатысты.
Басқосу барысында пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты «кәсіби» тақырыппен қатар, машинистер жұмысындағы отбасылар рөлі сөз болды. Депо директорының орынбасары Біржан Боранқұлов Ақтөбе локомотив пайдалану депосы мен жалпы «Локомотив» АҚ бойынша пойыздар қозғалысы қауіпсіздін қамтамасыз етудегі ағымдағы жағдайды егжей-тегжей баяндап берді. Оның айтуынша Ақтөбе локомотив пайдалану депосы бойынша пойыз және маневр жұмыстары барысында ақау болмаған.
Ал «Локомотив» АҚ бойынша қозғалыс қауіпсіздігін бұзу деректері жылдан жылға азайып келеді. Локомотив бригадаларының өз қызметтік міндеттерін орындауға қатысты, кейбір заң бұзушылықтардың болуына адами фактордың әсер ететінін, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде машинистер мен олардың көмекшілерінің отбасы мүшелері, әйелдері мен аналарының рөлі зор екенін алға тартқан депо жетекшілігі локомотив бригадаларының ең үлкен тірегі – отбасы дегенді алға тартты.
– Егер жанұяда кикілжің туындап, машинист не оның көмекшісі ашулы немесе бір жағдайды уайымдаса, дұрыс тынықпауы да мүмкін. Ал бұл өз кезегінде жолға шықанда кері әсер етері сөзсіз. Отбасының материалдық жағдайы отағасының жақсы да табысты жұмыс жасауына байланысты екенін ескерген әрбір әйел баласы қандай жағдайда да сапар алдында машинистің жүйкесінен салмақ салмау жағын ойлағаны жөн. Егер күрделі шаруа болса, отағасы жұмыстан келген соң тынығып, демалғаннан кейін қолайлы кезді таңдаған жөн, – деп кеңес берді депо басшысы.
Өз кезегінде «Локомотив» АҚ президентінің Батыс аймақ бойынша өкілі Айтбай Натиев қорғалатын аумақта бөгде адамдардың жүруі мен жол бойына шығып кететін мал мен жан - локомотив бригадаларының жұмысын қиындататын фактордың бірі екеніне тоқталды. Компания өкілі таяуда Астана депосында болған жайтты еске салды. «Қараусыз қалған аймақта бөгде адамдардың жүруі қауіпсіздікке нұқсан келтіреді. Әскерилендірілген темір жол күзеті қызметімен ұйымдастыру шаралары пысықталған. Орталық аппарат бірнеше рет жоспарланбаған тексеру жүргізді. Олқылықтар аз болмады» деді компания президентінің өкілі.
Кездесу барысында депо басшылары локомотив бригадаларының әйелдерімен жеке әңгіме-дүкен құрды. Біржан Боранқұлов олардың әрбірінің сауалдарына қанағаттанарлықтай жауап беруге тырысты. Мысалы, депода ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан Әлібек Өтекешовтың жары Майра жыл сайын машинистің отбасымен демалуына жағдай жасалса деген тілегін жеткізді. Өзі де теміржол саласында, Ақтөбе жол бөлімшесінің техникалық бөлімінде жетекші инженер болып жұмыс жасайтын Майраға машинистің жұмысы бес саусақтай таныс. «Әрдайым жолға шығарда киім-кешегін үтіктеп, "шарманкасына" міндетті түрде шай-тамағын салып, ақ жол тілеп шығарып саламын», - дейді екі баланың анасы Майра Өтекешова.
Шара соңында локомотив бригадаларына қызметтік міндеттерін орындауда қатаң жауапкершілік талап етілді, заң бұзушылықтарға жол берген жағдайда қатал жаза қолданылатыны да ескертілді.
Жамбыл
Шу локомотив пайдалану депосында 930 машинист пен машинист көмекшілері еңбек етеді. Олар 76 жолаушы, 298 жүк тасымалдайтын 26 маневрлық, 64 шаруашылық локомотивтерінің жұмысшылар тобын құрап отыр. Жуырда «Локомотив» АҚ басшылығы Шу локомотив пайдалану депосының жұмысшыларымен, олардың отбасы мүшелерімен кездесті. Жиында депо басшысы Талғат Абенов бұл кездесудің мақсатын айтып өтті. Шындығында, машинистер мен олардың көмекшілерінің жұмысы күрделі, әрі жауапты. Әр сапар олардан үлкен жауапкершілік пен қырағылықты талап етеді. Жол бойында локомотив бригадаларының жүйкелеріне салмақ саларлық жайттар да болып жатады. Ағымдағы жылдың өзінде жүрек қағысының тоқтауынан локомотившілердің үш үлкен тұлғасы өмірден өтті. Шараға қатысушылар оларды еске алып, рухына тағзым ету үшін бір минут үнсіздік жариялады.
Шулық теміржолшылар мен олардың отбасы мүшелеріне Астана қаласынан келген «Локомотив» АҚ-ның атқарушы директоры Нұрлан Көшербаев пен «Локомотив» филиалының темір жол жұмысшыларының «Қазақстандық көп салалы кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қанат Баетов жылы сөздерін арнап, теміржолшы кәсібі – төзімділілік пен ққажыр-қайратты талап ететін жауапты кәсіп екенін атап өтті. Көпшілікке машинистер мен олардың көмекшілерінің жүрек тебірентетін жұмысы, сапар алдындағы демалысының қысқалығы, отбасындағы күнделікті тұрмыстық мәселелердің толғандыруы жұмысқа қандай әсер ететіндігі туралы ресейлік мамандар дайындаған бейнероликтер көрсетілді. Өз кезегінде тәжірибелі машинист, қазіргі зейнеткер – Шу локомотив пайдалану депосы ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекен Қалдыбаев пен ардагер-теміржолшы Дауыл Тоғайбаев, машинистердің аналары Наталья Лобова, Алтынхан Табулдиевалар өз ой-тілектерімен бөлісті.
Сенімді қарым-қатынастағы түсіністікке негізделген іс-шара депо жұмысшылары ұсынған концерттік бағдарламаға жалғасты. Депоның бір кісінің баласындай боылп кеткен еңбеккерлері әріптестері Болат Идюбаев, Мұхтар Табулдиев, Наталья Гизатулиналардың өнерлеріне тәнті болып, зор қошемет көрсетті. Сондай-ақ теміржолшылар қойылымдар көрсетіп, локомотив жұмысшыларының жұбайлары арасында ерлерінің кәсібі жөніндегі біліктілігіне негізделген сауалнама жүргізді.
Жиын соңында «Локомотив» АҚ және Шу локомотив пайдалану депосы басшылығының атынан жұмысшыларға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Семей
Ел көлеміндегі тәрізді Шығыс өңіріндегі локомотив шаруашылықтарында өткен қауіпсіздік акциясының басты мақсаты –машинистер мен машинистер көмекшілерінің өз қызметтеріне ұқыптылығы, жұмыс орнының талапқа сай болуы және тепловоздар тізгінінің бөтен тұлғалар қолына берілмеуі, тағы басқалар.
Мәселен, ШҚО бойынша бұзақылық оқиғалары жоғары Аякөз қаласында ТЧЭ-25 басшысы Айдын Блановтың жетекшілігімен аталмыш бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізілді. Нәтиже көрсеткендей, ұсақ кемшіліктер болмаса, ірі келеңсіздіктерге жол берілмеген. Сонымен қатар, Айдын Амангелдіұлы депо қызметкерлерінің басын қосып, қауіпсіздік шараларының күшейтілгені, қойылатын талаптардың да қатаңдатылғаны жайлы арнайы жиын өткізді. Мұндай тексерулер түнгі мезгілдерінде Шар, Дегелең, Жаңасемей сынды ірі станцияларда да, пойыз және маневрлік бригадалар арасында өткізілуде. Депо басшылығы мен өңірлік ревизорлар, әскерилендірілген күзет қызметі өкілдері қатысатын мұндай шара барысында қауіпсіздік шараларының барлығы, машинист міндеттері қатаң қадағаланды. Тіпті, түн ортасынан ауа келген комиссия мүшелері жұмыс басында машинисті наркологиялық тексеруден де өткізген.
Акция аясында өткізілген тағы бір маңызды шара, Семей локомотив пайдалану депосының директоры Дәулет Ыдырысовтың жетекшілігімен машинистер мен машинист көмекшілерінің жұбайлары және ата-аналарын жинап, іргелі жиын өткізуі. Басқосуда локомотившілер үшін қойылатын талаптың күшейтілгенін айта келіп, олардың өз қызметтеріне мұқият болып, жоғары жауапкершілік танытулары үшін көмек көрсетуді сұрады. «Ер адамның түздегі жұмысы үйдегі көңіл күйге де байланысты. Бұл ретте жүйкеге салмақ түсірмеу жағын ескерген жөн», – деді ол.
Атырау
«Локомотив» АҚ филиалы – Мақат локомотив пайдалану депосында машинистер мен машинист көмекшілерінің жұбайларымен кездесу өтті. Бұл шараның мақсаты – аталған мамандық иелерінің отбасылық жағдайының тыныштығына бағытталды.
Жанұяда отанасының атқарар ролі зор. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі, локомотив бригадаларының жұмысы мен демалыс режимін сақтау туралы сөз қозғаған депо директоры Тілекбай Исағалиев те пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда машинистердің жұбайларының рөлі ерекше екенін атап өтті. – Локомотив бригадасы-қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда негізгі буын болып табылады. Сондықтан машинист жол үстінде сапарда жүрген шағында үйінде не болып жатқанын ойлап алаңдамауы керек. Өйткені, жолдағы қауіпсіздік локомотив бригадалары мүшелерінің отбасындағы жағдайына, шаңырақтың берекесін келтіретін әйелдеріне, аналарына, әпкелеріне, яғни, отбасы мүшелерінің жағдайына байланысты, – деді мекеме басшысы жиналысқа қатысушыларды арқа сүйер азаматтарына, яғни жан-жары немесе баласына әрдайым қамқор болуға шақырып. – Локомотив жүргізу оңай шаруа емес, жолда әр түрлі жағдай туындауы мүмкін. Соған машинист пен оның көмекшісі психологиялық тұрғыдан дайын болуы тиіс.
Басшының сөзін сабақтаған мекеменің өзге де мамандары отбасында ер адам – асыраушы болғандықтан, оларға үйдегі азаматшалардың көзқарастарының оң болуы қажеттігі туралы кеңестерін айтты. Себебі, еңбек етуші азаматқа үйде мейірім, ықылас білдіріп, таусылмайтын күйкі тірлікке шыдамдылық, сабырлылық танытқан абзал. Олар жұмысқа кірісер алдында 6 сағат үйде демалулары керек. Сол уақытта оларды саяжайға жер қазуға, базарға тамақ тасытуға, не басқа жұмысқа жұмылдыруға болмайды. Жұмыс алдында тынығу міндетті.
Жасыратыны жоқ, Атырауда экологиялық проблема бірінші кезектегі мәселе. Содан да болар, депо кадр бөлімінің бастығы Қ.Балабевтың айтуынша, қазіргі таңда артериалдық гипертония бойынша 120 депо қызметкері «Д» есебімен кардиологтың тізімінде тұр. Өкініштісі сол, бұл тізім жылдан жылға жасарып барады. Осы тізімдегілердің жартысы 25-40 жас аралығындағы қызметкерлер. Оларға моральдық-психологиялық тыныштық та керек. Сол себепті де жұбайлар ер-азаматын жұмысқа жайдары көңіл-күймен шығарып салып, қарсы алу керектігін ескерткен әріптестері сол үрдістен табылып жүрген машинистердің жұбайларына алғыстарын білдірді. Кездесу соңында депо әкімшілігі локомотив бригадаларының жұбайларына шағын сыйлықтар табыстап, депо ішіне экскурсия жасады.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...