Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Алғашқы үштіктен табылуда
1265 / 17.11.2015 17:50

Алғашқы үштіктен табылуда

Күзгі комиссиялық байқау қорытындысы бойынша локомотивтерді қыс маусымында жұмыс істеуге сапалы дайындағаны және жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін локомотив деполарына жүлделі орындар тағайындалды. «3-ші топ (тепловоздар) локомотив пайдалану деполары» номинациясы бойынша бірінші орын Түркістан, екінші орын Бурабай курорты деполарына берілсе, алғашқы үштікті Жем локомотив пайдалану депосы аяқтап отыр.

Деподағы бақылау және жөндеу жұмыстарына жауапты бөлімнің бастығы Сағыныш Өтеновтің айтуына қарағанда, Жем депосы соңғы жылдары алғашқы үштікте келеді.

– Жем локомотив пайдалану депосы жұмысы ауыр деполардың санатында. Өйткені мұнда қарт Мұғалжар таулары бар. Жақын маңдағы деполармен салыстырғанда, біздің депоның локомотив бригадаларына тауды өту қиынға соғады. Мұнда қыс қатты, алапат боран болады, қалың қар жұмысқа аз кедергісін тигізбейді, – дейді Сағыныш Өтенов.

Күзгі бақылау науқаны кезінде локомотив бригадалары тепловоздарды сырлап, қапталдағы терезелерін ретке келтірген. Электр тоғын өткізу жүйелері қалыпқа келтірілген. Қыркүйек-қазан айларында комиссия тексеріп, өз бағасын берді.

– Машинист пен көмекшісі үшін тепловоз оның екінші үйі не көлігі іспетті. Сондықтан олар өздері басқаратын локомотивтің жақсы жүріп тұрғанына мүдделілік танытады. Күзгі, көктемгі бақылау барысында тепловоздың қалыпты жұмыс жасауы үшін барын салады. Арнайы бригада жөндеу жұмыстарын жүргізеді, – дейді бөлім бастығы.

Жалпы, Жем депосының машинстері кеңес дәуірінде де, қазіргі уақытта та ауыр учаскелердің біріне қатынайды. Таулы аймақта локомотив қатынасын қамтамасыз ету оңай жұмыс емес.

– Бұрын арнайы техниканың көмегімен пойыз құрамын демеп, биіктеу жерлерге итеретінбіз. Қазір жақсы тепловоздар бар. Қозғалтқыштары жақсы локомотивтер пайдаланамыз. Рас, заманауи түрлерін сынап көрмек болдық. Біздің географиялық ерекшеліктерге олар жарамай қалды, – дейді бақылау және жөндеу бөлімінің бастығы Сағыныш Өтенұлы.

Жем локомотив пайдалану депосының бригадалары бір шеті Қандыағашқа, екінші шеті Сексеуілге дейін қатынайды. Шалқар айналым депосымен қоса алғанда, Жем локомотив пайдалану депосында барлығы 40-қа жуық тепловоз бар.

Казахстан темиржолшысы

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер