Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Үздік машинистер анықталды
1184 / 10.11.2015 13:27

Үздік машинистер анықталды

Жуырда Атырау локомотив пайдалану депосында «Үздіктер сайысы» өтті. Локомотив бригадаларының кәсібилігін арттыру, оларды ынталандыру мақсатында өткен шараға қатысқандар «Үздік машинист», «Үздік машинист көмекшісі», «Үздік локомотив бригадасы» атану үшін жарысты.

Сайыстың талабы да қатал: 3 жыл бойына ешқандай ескерту, жұмыста ақау, тәртіптік жаза алмаған болуы шарт, оған қоса кәсіби білімі мен білігі жеткілікті, құжаттарға мұқияттылығы бекем, қызмет көрсету учаскелерін жақсы білуі, ұқыпты да тәртіпті, қоғамдық жұмыстарға белсенді болуы тиіс. «Бұл жыл сайын өтіп тұратын дәстүрлі шара. Алайда, бұған дейін сайысқа бригадалардың ұсынысы бойынша жіберілетін. Ал биыл осындай арнайы жарысқа түсу арқылы ғана үздіктер іріктелмекші», – дейді депоның пайдаланым бөлімінің инженері Айдар Қонарбаев.

Сайысқа қатысушылар еңбек процесінде әр түрлі бағытты қамтитын 30 сұраққа жауап беруі тиіс болды. Сұрақтар мазмұны сан-алуан: тежегіш жолдың ұзындығы немен байланысты болады, тежегіштерді ақырғы тексеру қашан жүргізіледі, бір жолды учаскелерде станция шекаралары болып табылатын не, маневрлік жұмыстар қандай жылдамдықпен жүргізіледі, т.б. Әрине, еңбек талабын бұзбай, күнделікті жұмыс тәртібін сақтап, өз міндетін дұрыс атқарып жүрген машинист не оның көмекшісі сұрақтарға дұрыс жауап бере алары анық. Өйткені, теория мен практика үндескенде ғана жақсы нәтиже шығары анық. Сондай-ақ, байқауға қатысушыларға практикалық бағытта стандартты емес жағдайлардан шығу жолдары бойынша қосымша сұрақтар қойылды. Локомотив бригадасы: машинист Н.Әбдеш пен машинист көмекшісі Т.Ихласов конкурстық байқауға өздерін таныстыру мақсатында слайд дайындап әкелген екен, онда өздерінің жұмысты бастау сәтінен аяқтағанға дейінгі барысы суреттер арқылы көрсетілген.


Сонымен, сын сағатта сүрінбей өткендерді анықтар сәт те келіп жетті. Сайыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелерінің ұйғарымына сәйкес, «Үздік машинист» номинациясы бойынша тепловоз машинисі Абай Құбашев, «Үздік машинист көмекшісі» номинациясы бойынша тепловоз машинисінің көмекшісі Мереке Көпболов, «Үздік локомотив бригадасы» номинациясы бойынша тепловоз машинисі Нұрсұлтан Әбдеш, машинист көмекшісі Талғат Ихласов жеңімпаз деп танылды. Оларға сәйкесті дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. Жеңімпаздар енді Астанада, «Локомотив» АҚ бойынша өтетін республикалық деңгейдегі байқауда бақ сынайтын болады. 

Поделиться:
Популярные новости
1765 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1507 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1369 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер