Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қырағылық деп осыны айт!
1317 / 03.11.2015 10:20

Қырағылық деп осыны айт!

Өткен бейсенбіде Қызылорда станциясына келіп тоқтап, Түркістанға бет алғалы тұрған №78 «Атырау – Алматы» жолаушылар пойызы бір қатерден аман қалды. Түркістан локомотив пайдалану депосының машинисі Әбдімәулен Османов пен көмекшісі Ділшат Димедовтің қауіпті деп кезінде байқай білген қырағылығы мен жауапкершілігінің арқасында апаттың алды алынды.

Машинист пен көмекшісі Қызылордадағы локомотив бригадасының демалыс үйінде 5 сағат тыныққан соң, кезекті сапарға дайындалады. «Тальго» вагондарынан жасақталған №78 «Атырау – Алматы» жолаушылар пойызы кесте бойынша 16 сағат 03 минутта станцияға келіп тоқтаған соң, машинист бригадалары ауысып, түркістандық қос машинист ТЭ33-0254 тепловозының кабинасына жайғасады. Сапарға шығарда машинист өзінің міндеті бойынша төменгі қозғалғыш дөңгелектерді, экипаж бөлімін, жоғарғы тепловоздағы дизель орналастырылған артқы кабинаны тексереді. Жалпы 10 минут аралығында ол тепловозды қабылдап, кесте бойынша жүріп кету керек.

– Пойызды қабылдау алдында автоматтық тежегішпен қатар электропневматикалық тежегішті тексеріп жатқанымда, артқы айнадан болар болмас түтін шығып жатқанын байқадым. Көмекшім Ділшатты жылдам жүгіртіп жіберіп, техникалық бірінші вагоннан өрт шыққанын айтып дереу ішкі рация арқылы борт механигіне хабар бердім. Ол жедел түрде өрт сөндірушілерді шақырды. Сол жерде станция кезекшісіне де оқиғаны хабарладық. Перронға өрт сөндірушілер келген соң, техникалық вагондағы дизельді қондырғының өртеніп жатқанын анықтап, түтінді өшіруге кірісті. Кесте бойынша 16 сағат 13 минутта жүруге тиіс пойыз, өрт толық сөндірілген соң 18 сағат 28 минутта жолға шықты. Ал дизельді қондырғыдан не себепті от шыққаны тексеріліп жатыр, – дейді машинист Әбдімәулен Ташболатұлы.

Жаңа ТЭ33А сериясындағы «Эволюшн» тепловоздары Арыс – Сексеуіл – Қандыағаш аралығына қызмет көрсетеді. Сегіз машинист-нұсқаушылар әр колоннадағы машинист пен көмекшісіне сабақ сайын, өзінің де өзгенің де қауіпсіздігіне жауапты екенін пысықтап отырады. «Тальго-Тұлпар» жүрдек пойызының машинистерін оқытатын №1 колоннаның машинист-нұсқаушысы Өмірқұл Қошқаров оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді.

– Машинист пен көмекшісі қауіпті дер кезінде байқаған. Бұл 23 вагоннан құралған жолаушылар пойызының екеуі техникалық вагон болса, қалғаны жолаушыларға арналған. Бірінші техникалық вагон сол құрамның «жүрегі». Яғни, тұтас құрамға қажет жарық, су, ыстық ауа барлығы осы вагоннан беріледі. Қауіпті жағдай үлкен станцияда анықталғаны қандай жақсы болған. Егер машинист соны байқамай жүріп кеткенде айдалада келе жатып вагоннан шыққан өрт екіншілеріне жалғасып, жолаушылар вагонын да шарпыр ма еді, кім білген... Бұл сағатына 120 шақырыммен жүретін «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы бір-бірімен біріктіріліп жасақталған. Яғни, зауытта 23 вагон бірдей бекітілетіндіктен, вагондар тек зауытта ғана ағытылады, – дейді Өмірқұл Қошқаров.

– Әбдімәулен Усманов 1980 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан бірінші класты машинист. Көмекшісі Ділшат та «дайын машинист». Кешегі жағдайда машинистер байқамай жүріп кеткенде, арты не боларын ойлаудың өзі қорқынышты. Қызылордада өрт сөндіруші пойыз бар, абырой болғанда станцияда тұрғанда байқап өшіріп алды. Вагонның сырты жанбаған, тек іші түтіндеген. Перрегонға шығып кеткенде көрсе, қауіптің бетін қайтару қиын болар еді. Ең үлгілі бригада өткен 9 айда 2,5 тоннадан артық отынды үнемдеп, бұл жағынан да көш бастады, – деді сөз арасында депо директорының орынбасары Мыңғали Абылаев. 

Поделиться:
Популярные новости
1765 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1507 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1369 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер