Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1229 / 20.10.2015 10:18

Үйде «ауа райы» жақсы болсын

«Локомотив» АҚ филиалы – Қарағанды локомотив пайдалану депосында машинистер мен машинист көмекшілері отбасыларының екінші мүшелерімен кездесу болып өтті.
«Локомотив» АҚ атқарушы директоры Нұрлан Көшербаев кәсіпорынның биылғы 9 айдағы қызметі, локомотив паркінің жаңаланып жатқаны туралы айтып, бүгінгі күннің басымдыққа ие мәселелеріне тоқталды. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі, локомотив бригадаларының жұмысы мен демалыс режимін сақтауы туралы сөз қозғаған атқарушы директор пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда машинистердің жұбайларының рөлі ерекше екенін атап өтті.
–    Локомотив бригадасы – қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда негізгі буын болып табылады, сондықтан машинист жол үстінде сапарда жүрген шағында үйінде не болып жатқанын ойлап алаңдамауы, жүрегі қобалжымауы керек, – деді атқарушы директор.
«Локомотив» АҚ филиалы – Қарағанды локомотив пайдалану депосының директоры Асан Үмбетов, темір жолдағы қауіпсіздік локомотив бригадалары мүшелерінің отбасындағы жағдайына, шаңырақтың түтінін түтеткен әйелдеріне, аналарына, әпкелеріне байланысты екенін атап өтті. Ол жиналысқа қатысушы отбасының екінші мүшелерін құдай қосқан жан-жарларына қамқор, ілтипатты болуға  шақырды. Басшылық сөзін депоның Кадрлар бөлімінің бастығы Людмила Коренькова да қостап, үйдегі «ауа райы» локомотив бригадаларының жұмысына тікелей ықпал ететінін айтты.
–    Отбасында ер адам – асыраушы. Оған мейірім мен шыдамдылық, сабырлылық таныту керек. Машинистке сапар алдында жақсылап демалып тынығуына жағдай жасау керек. Отбасылық мәселелерді отағасы үйге келіп, демалғаннан кейін шешкен дұрыс болар еді. Ал отбасылық мерекелер мен шараларды оның демалыс күндерінде атап өтуді ұйымдастырған жөн, – деді ол.
Локомотив бригадалары резервінің бастығы Татьяна Николаева машинист мамандығы темір жол көлігіндегі мәртебелі мамандық екенін және айрықша дағдылар мен ептілікті талап ететінін атай келіп:
–    Оларға қыстың 30 градус аязында және жаздың 30 градус ыстығында жұмыс істеуге тура келеді. Ал сапар кезінде олардың шапшаң қимылдауы, аса мұқият, зерделі және төзімді болуы талап етіледі. Жұмысқа кірісер алдында 6 сағат олар үйде демалулары керек, оларды саяжайға, гаражға жіберуге, басқа жұмысқа жұмылдыруға болмайды. Жұмысқа күліп шығарып, жұмыстан күліп қарсы алу керек. Сүйікті жұбайларыңызға үйде барынша жағдай жасау аса маңызды, – деді ол.  
Кездесу барысында депоның үздік еңбеккерлеріне «Локомотив» АҚ президенті атынан грамоталар табыс етілді. Ал басқосу соңында локомотив бригадаларының жұбайларына деполықтар концерттік бағдарлама ұйымдастырып, депо бойынша экскурсия жасады, осы шағын саяхат барысында жаңа буын локомотивтеріне айрықша назар аударылды.
Поделиться:
Популярные новости
1765 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1507 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1369 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер