«Локомотив» АҚ қыркүйектің 26-сында Астана локомотив пайдалану депосында болған оқиға жөнінде мына жайды хабарлайды
«Локомотив» АҚ қыркүйектің 26-сында Астана локомотив пайдалану депосында болған оқиға жөнінде мына жайды хабарлайды.
Қыркүйектің 26-сында таңғы 7.40 сағатта Астана локомотив пайдалану депосында еңбеккерлер жолдың тұйықталған кіре беріс магистральдық желіге шығу мүмкіндігі жоқ телімінде бір қызды байқап қалады.
Қыздың айтуынша, екі жас жігіт оған электрововз кабинасында зорлық көрсеткен көрінеді. Осыған байланысты локомотив пайдалану депосының еңбеккерлері әскерилендірілген темір жол күзеті қызметіне және Астана көліктегі ішкі істер басқармасына хабарлайды.
Жедел іздестіру кезінде темір жолға қатысы жоқ екі жас жігіт ұсталды. Оның бірінде 30 тамызда ұялы телефонына түсірілген бейне жазба табылды. Ол бейне таспада үш жас жігіттің бірі локомотив кабинасында машинистің көмекшісімен бірге техниканы тұрақтан техникалық тексеру бекетіне жеткізгені көрінеді.
Аталмыш факті бойынша «Локомотив» АҚ қызметтік тексеру өткізді. Кінәлілерге қатаң әкімшілік шаралар қолданылды. Оның ішінде, Астана локомотив пайдалану депосының директоры мен Әскерилендірілген күзет қызметінің бірқатар өкілдері жұмыстан босатылды.